Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
20 Ескертпелер
・ Жад карталарын майыстыруға немесе құлатып алуға,
сондай-ақ қатты физикалық соққыға ұшыратуға болмайды.
・ Жад карталарын су, жылу немесе тікелей күн сəулесі
əсерінде қалдыруға болмайды.
・ Жад карталарын компьютерде форматтауға болмайды.
D Маңызды суретке түсіру алдында
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе
фо
токамераны сапарға алудан бұрын) суретке түсіруден бұрын,
фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретке
сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс
істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап
бермейді.
D Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсетуге жəне үйренуге
б
ағытталған «өмір бойы білім алу ұстанымы» аясында үнемі
жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан
алуға болады:
・ АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
・ Еу
ропа мен Африкадағы пайдаланушылар үшін: https://
www.europe-nikon.com/support/
・ Азиядағы, Океания мен Т
аяу Шығыстағы пайдаланушылар
үшін: https://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын
сұрақт
арға (ЖҚС) берілген жауаптарды жəне цифрлық кескіндерге
жəне фотосуретке түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін
осы сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon
өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін келесі URL
мекенжайын қараңыз: https://imaging.nikon.com/