Қолданушы нұсқаулығы

Ескертпелер 19
айнымалы ток адаптерлері жəне жарқыл керек-жарақтары) ғана
осы электрондық тізбектің жұмыс жəне қауіпсіздік талаптарының
шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған жəне сондай екендігі
дəлелденген.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды
пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігін жоюы
мүмкін. Төменде көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық
жапсырмасы жоқ үшінші тараптың зарядталатын литий-ионды
батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне
кедергі келтіруі немесе батареяның шамадан тыс қызуына, жанып
кетуіне, жарылуына немесе ағуына əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мəлімет
алу үшін
Nikon компаниясының жергілікті өкілетті дилеріне
хабарласыңыз.
Жад карталары
Жад карталары пайдаланғаннан кейін ыстық болуы мүмкін.
Жад карталарын фотокамерадан абайлап шығарып алыңыз.
Форматтау кезінде немесе деректер жазылып, жойылып не
компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіріліп жатқанда,
келесі операцияларды орындауға болмайды. Осы сақтық
шаралары орындалмаса, деректердің жоғалуы немесе
фотокамераның не картаның зақымдалуы мүмкін.
- Жад карталарын алуға немесе салуға болмайды
- Фотокамераны өшіруге болмайды
- Батареяны алуға болмайды
Карта клеммаларын саусақпен немесе металл заттармен
ұстауға болмайды.
Жад карталарын артық күш салып қолдануға болмайды.
Бұл сақтық шаралары орындалмаса, картаның зақымдалуы
мүмкін.