Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
18 Ескертпелер
Үкіметтің алдын ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын көшіруге
немесе жаңғыртуға тыйым салынады.
Үкімет шығарған маркаларды жəне заңда қарастырылған
куəландырылған құжаттарды көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым
салынады.
・ Кейбір көшірмелерге және жаңғыртылған нұсқаларға қатысты
сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің
шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет
жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың
(акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар жəне
т. б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің
көшірмелеріне немесе жаңғыртылған нұсқаларына қатысты сақ
болу керектігі туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса үкімет
тарапынан шығарылған паспорттардың, мемлекеттік органдар
жəне жеке топтар шығарған лицензиялардың, жеке куəліктердің
жəне рұқсатнамалар мен тамақ купондары сияқты билеттердің
көшірмелерін немесе жаңғыртылған нұсқаларын жасамаңыз.
・ Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен
қорғалған еңбектердің фотокамерамен жасалған фотосуреттерін
немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз
пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер
қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы
орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында
тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын
ғана қолданыңыз
●
Nikon фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жобаланған
жəне күрделі электрондық тізбекті қамтиды. Nikon компаниясы
арнайы осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге пайдалануға
сертификаттаған Nikon брендті электрондық керек-жарақтар
(соның ішінде объективтер, зарядтау құрылғылары, батареялар,