Қолданушы нұсқаулығы

Ескертпелер 17
Ескертпелер
Осы өніммен бірг
е келген құжаттың ешбір бөлігін Nikon
компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен
қайта көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде
сақтауға немесе кез келген түрде басқа бір тілге аударуға
рұқсат етілмейді.
Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен
бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін жəне техникалық
сипаттамаларын кез келген уақытта жəне еш ескертусіз
өзгерту құқығын сақтайды.
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай
да бір зақымға жауап бермейді.
Осы құжаттамадағы мəліметтің дұрыс жəне толық болуына
бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір
қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда,
аймақтағы Nikon өкіліне айтуыңызды сұраймыз (мекенжайы
бөлек беріледі).
Көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салуға қатысты
ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық
тұрғыдан көшірілг
ен немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі
заң тарапынан қудалануы мүмкін екенін ескеріңіз.
Заң бойынша көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салынған
нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың
немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін
жасамаңыз немесе жаңғыртпаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды немесе
құнды қағаздарды көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салынады.