САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы • Фотокамераны пайдаланбас бұрын, осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (11-бет) міндетті түрде оқып шығыңыз. • Осы құжатты оқыған соң, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін қолжетімді жерде сақтаңыз. Егжей-тегжейлі пайдалану туралы нұсқауларды алу үшін сканерлеңіз.
Z fc Қолданушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқау Осы Қолданушы нұсқаулығына қосымша ретінде фотокамера үшін Анықтамалық нұсқаулық қолжетімді. Қолданушы нұсқаулығы (осы құжат) Қолданушы нұсқаулығында фотокамераның негізгі операциялары сипатталады. Фотокамера Анықтамалық нұсқау мүмкіндіктері мен операциялары туралы толық мəлімет Қолданушы нұсқаулығы құжатына қосымша — Анықтамалық нұсқау құжатында берілген. Анықтамалық нұсқау құжатын компьютерден, смартфоннан жəне планшеттен көруге болады.
D Объектив жинағының объективтері Объектив жинағының бөлшегі ретінде берілген объективтер туралы ақпаратты Nikon жүктеп алу орталығынан жүктеп алуға болатын объектив құжаттамасынан қараңыз. D Nikon жүктеп алу орталығы Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын, NX Studio жəне басқа Nikon бағдарламалық жасақтамасын жəне фотокамералармен, NIKKOR объективтері мен жарқыл бөліктерімен қоса Nikon өнімдерінің ақпаратын жүктеп алу үшін Nikon жүктеп алу орталығына кіріңіз. https://downloadcenter.nikonimglib.
Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде ❚ ❚Дайындау 1 Батарея мен жад картасын салыңыз (027). Батареяны зарядтау туралы қосымша ақпаратты «Батареяны зарядтау» бөлімінен қараңыз (025). 2 Объективті тіркеңіз (030). ・ Камера корпусындағы индикаторды объективтегі индикатормен (q) туралап, объективті көрсетілген бағытта (w) бұраңыз. ・ Бауды фотокамераға тіркеуге болады. Қосымша ақпаратты «Бауды тіркеу» бөлімінен қараңыз (024). 3 Фотокамераны қосыңыз, содан соң тілді таңдап, сағатты орнатыңыз (033).
❚ ❚Суретке түсіріп (036), көріңіз (045) 1 Режим ауыстырғышын АВТО (b) күйіне бұраңыз. 2 3 4 Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (яғни, ысырманы босату түймешігін ақырын басып, жартылай басылғанда, тоқтатыңыз). Саусақты ысырманы босату түймешігінен көтермей, түймешікті қалған жартысына дейін басып, суретке түсіріңіз. Суретті көріңіз.
Қаптама құрамы Осында берілген барлық заттар фотокамерамен бірге берілгеніне көз жеткізіңіз. ❏ EN-EL25 зарядталатын ❏ Фотокамера литий-ионды батареясы ❏ MH-32 зарядтау құрылғысы (ашалы адаптер қажет етілетін елдерде немесе аймақтарда бірге беріледі; пішіні сатылатын елге байланысты) ❏ BF-N1 корпус қақпағы ❏ AN-DC23 бауы (024) ❏ Кепілдік (осы құжаттың ❏ DK-32 резеңке көзүсті қалқаны (фотокамераға жалғанған күйде келеді) артқы мұқабасында басылған) ❏ Қолданушы нұсқаулығы ・ Жад карталары бөлек сатылады.
Осы құжат туралы ❚ ❚Таңбалар Бұл құжатта келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз. D Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. A Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған 0 Бұл сілтемелерді белгілейді.
Бұл құжаттағы түсіндірмелерде əдепкі параметрлер пайдаланылған деп есептеледі. ❚ ❚Nikon пайдаланушыларына қолдау көрсету Егер техникалық қолдау қажет болса, бірнеше нұсқа ұсынамыз. ・ АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https:// www.nikonusa.com/ ・ Канададағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikon.ca/ ・ Мексикадағы пайдаланушылар үшін: https:// www.nikon.com.mx/ ・ Латын Америкасындағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonamericalatina.com/ ・ Еуропадағы пайдаланушылар үшін: https://www.europenikon.
Мазмұны Z fc Қолданушы нұсқаулығы жəне Анықтамалық нұсқау ....... 2 Бірінші фотосуретіңіз күте алмайтын кезде ..............................4 Қаптама құрамы ..........................................................................6 Осы құжат туралы ...................................................................... 7 Қауіпсіздік шаралары ................................................................11 Ескертпелер ..............................................................................
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) ........................ 62 Кепілдік шарттары 66 Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі ......................................................................
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды я болмаса өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жететін жерде сақтаңыз. ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына əкелуі мүмкін. Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге əкелуі мүмкін. Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке əкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін және USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз: ・ Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке əкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған күн жарығы өрт тудыруы мүмкін. Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. ҚАУІП (Батареялар) Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін: ・ Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы батареяларды пайдаланыңыз. ・ Батареяларға жалын немесе артық жылу əсерін тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ (Батареялар) Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Батареяларды үй жануарларынан және басқа жануарлардан аулақ ұстаңыз. Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр әсерін тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Ескертпелер ・ Осы өніммен бірге келген құжаттың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта көшіруге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді. ・ Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін жəне техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта жəне еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтайды.
Үкіметтің алдын ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салынады. Үкімет шығарған маркаларды жəне заңда қарастырылған куəландырылған құжаттарды көшіруге немесе жаңғыртуға тыйым салынады.
айнымалы ток адаптерлері жəне жарқыл керек-жарақтары) ғана осы электрондық тізбектің жұмыс жəне қауіпсіздік талаптарының шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған жəне сондай екендігі дəлелденген. Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігін жоюы мүмкін.
・ Жад карталарын майыстыруға немесе құлатып алуға, сондай-ақ қатты физикалық соққыға ұшыратуға болмайды. ・ Жад карталарын су, жылу немесе тікелей күн сəулесі əсерінде қалдыруға болмайды. ・ Жад карталарын компьютерде форматтауға болмайды. D Маңызды суретке түсіру алдында Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суретке түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретке сынақ ретінде түсіріп көріңіз.
Фотокамераның бөлшектері Фотокамера корпусы 1 Фотокамера бауына 2 3 4 5 6 7 8 арналған тесік ISO сезімталдығының дөңгелекшесі ISO сезімталдығы дөңгелекшесінің құлпын босату Стерео микрофон Ысырма жылдамдығының дөңгелекшесі Ысырма жылдамдығы дөңгелекшесінің құлпын босату Қуат ажыратқышы Ысырманы босату түймешігі 9 Бейнефильмді жазу түймешігі 10 E (фокустық жазықтық таңбасы) 11 Экспозиция түзетілімінің дөңгелекшесі 12 Басқару панелі 13 Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышы 14 Керек-жарақтарға арналған құр
1 Қосымша басқару дискі 2 Кескін сенсоры 3 Микропроцессор 4 5 6 түйіспелері Объективті бекіту таңбасы АФ қосымша шамы Қызыл көз əсерін азайту шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы HDMI, USB жəне микрофон жалғағыштарына арналған қақпақ HDMI жалғағышы 7 8 Зарядтау шамы 22 Фотокамера корпусы 9 USB жалғағыш 10 Сыртқы микрофонға 11 12 13 14 арналған жалғағыш Объективті босату түймешігі Объектив жиектемесі Fn түймешігі Корпус қақпағы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Линза реттеу дөңгелекшесі 13 Батарея камерасының/жад A (g) түймешігі картасы ұяшығының қақпағының ілмегі 14 Батарея ілмегі Басты басқару дискі i түймешігі J түймешігі Мульти селектор DISP түймешігі G түймешігі W (Q) түймешігі Жад картасына қатынасу шамы 11 X түймешігі 12 Батарея камерасының/жад картасы ұяшығының қақпағы 15 16 17 18 19 20 21 22 23 Жад картасының ұяшығы Штатив ұяшығы Монитор M түймешігі O түймешігі K түймешігі Көз сенсоры Көріністапқыш Резеңке көзүсті қалқан Фото
Алғашқы қадамдар Бауды тіркеу Бауды (бірге берілген бау немесе бөлек сатып алынған бау) тіркеу: 24 Бауды тіркеу
Батареяны зарядтау Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL25 батареясын жинақтағы MH-32 зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. D Батарея және зарядтау құрылғысы «Қауіпсіздік шаралары (011)» жəне «Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер» (049) бөліміндегі ескертулер мен сақтық шараларын оқып шығып, ескеріңіз жəне қолданыңыз. ・ Зарядтау құрылғысын зарядтау үшін оны тұрмыстық розеткаға қосыңыз. Кейбір елдерде немесе аймақтарда зарядтау құрылғысы жалғанған адаптермен бірге берілуі мүмкін.
D Егер CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жылдам жыпылықтаса Егер CHARGE шамы жылдам жыпылықтаса (секундына 8 рет): ・ Батареяны зарядтау қатесі орын алды: зарядтау құрылғысын розеткадан ажыратып, алыңыз жəне батареяны қайта салыңыз. ・ Орта температурасы тым ыстық немесе тым суық: зарядтау құрылғысын белгіленген температура ауқымында (0–40 °C) пайдаланыңыз. Егер мəселе шешілмесе, зарядтау құрылғысын розеткадан ажыратып, зарядтауды аяқтаңыз.
Батареяны және жад картасын салу ・ Батареяны жəне жад картасын салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. ・ Батареямен сарғылт батарея ілмегін бір шетке басып тұрып, батареяны ілмек орнында құлыпталғанша батарея бөліміне сырғытыңыз. ・ Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына бекітілгенше, тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.
D Батареяны алу Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріңіз жəне батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз. D Жад картасын алу Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екенін растағаннан кейін, фотокамераны өшіріп, батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз. Жад картасын шығару үшін басыңыз (q), содан соң оны тартып алыңыз (w).
Батарея деңгейі ・ Фотокамера қосулы болғанда, батарея деңгейі түсіру режимінің дисплейінде көрсетіледі. Монитор Көріністапқыш ・ Батарея деңгейінің дисплейі батарея деңгейі кеміген сайын L мəнінен K жəне H мəніне өзгереді. Батарея деңгейі H мəніне түскенде, суретке түсіруді тоқтата тұрып, батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. ・ Егер [Shutter release disabled. Recharge battery. (Ысырманы босату ажыратылған. Батареяны қайта зарядтаңыз.
Объективті тіркеу ・ Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Осы құжатта көрнекілік мақсаттарда негізінен NIKKOR Z DX 16–50mm f/3.5–6.3 VR объективі пайдаланылады. ・ Фотокамераға шаңның енуін болдырмаңыз. ・ Объективті тіркеу алдында фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. - Фотокамера корпусының қақпағын (q, w) жəне объективтің артқы қақпағын (e, r) алыңыз. - Фотокамерадағы (t) жəне объективтегі (y) бекіту таңбаларын туралаңыз.
- Объектив орнына бекітілгенше, көрсетілгендей бұраңыз (u). ・ Суретке түсіру алдында алдыңғы объектив қақпағын алыңыз. D F бекіткіші бар объективтер ・ F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) тіркеңіз. ・ F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға тіркеуге əрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.
Мониторды ашу Мониторды артық күш салмай баяу бұрыңыз.
Фотокамераны қосу Фотокамера алғашқы рет қосылғанда, тіл таңдау экраны көрсетіледі. Тілді таңдап, фотокамера сағатын орнатыңыз (сағат орнатылмағанша, басқа операцияларды орындау мүмкін емес). 1 Фотокамераны қосыңыз. ・ [Language (Тіл)] таңдау экраны көрсетілетін болады. 2 Тілді таңдаңыз. ・ Қалаған тілді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз (қолжетімді тілдер фотокамера басында сатып алынған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отырады).
3 Уақыт белдеуін таңдаңыз. ・ Уақыт белдеуін таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз. ・ Дисплейде таңдалған аймақтағы таңдалған қалалар жəне таңдалған аймақтағы уақыт пен UTC арасындағы айырмашылық көрсетіледі. ・ [Date format (Күн форматы)] экраны көрсетілетін болады. 4 Күн форматын таңдаңыз. ・ Қалаған күнді көрсету ретін (жыл, ай жəне күн) белгілеп, J түймешігін басыңыз. ・ [Daylight saving time (Жазғы уақыт)] экраны көрсетілетін болады.
5 Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз. ・ [On (Қосулы)] (жазғы уақыт қосулы) немесе [Off (Өшірулі)] (жазғы уақыт өшірулі) күйін белгілеп, J түймешігін басыңыз. ・ [On (Қосулы)] күйін таңдасаңыз, сағат бір сағатқа алға жылжиды; бұл əсерді болдырмау үшін [Off (Өшірулі)] күйін таңдаңыз. ・ [Date and time (Күн және уақыт)] экраны көрсетілетін болады. 6 Сағатты орнатыңыз. ・ Күн жəне уақыт элементтерін бөлектеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз жəне оларды өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Негізгі фотосуретке түсіру және ойнату Фотосуретке түсіру (b авто) Қарапайым «бағытта да, түсір» режимінде фотосуретке түсіру үшін b (авто) режимін таңдаңыз. D Жиналмалы жиектемелері бар объективтер Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне бекітілгенше, масштабтау сақинасын көрсетілгендей бұраңыз. 1 36 Фотосурет режимін фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын C күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
2 3 Режим ауыстырғышын АВТО (b) күйіне бұраңыз. Фотокамераны дайындаңыз. Қол тұтқасын оң қолмен ұстап, камера корпусын немесе объективті сол қолмен ұстап тұрып, шынтағыңызды кеудеңізге қарай қысыңыз.
4 Фотосуретті кадрға алыңыз. Негізгі нысанды АФ аумағы жақшаларының (5) ішіне орналастырыңыз. ・ АФ аумағының жақшалары жойылып, фотокамера анықтаған адам беттерінің айналасында фокустау нүктесін көрсететін сары жиек пайда болады. Егер фотокамера нысанның көздерін анықтаса, сары фокустау нүктесі бір немесе екінші көздің айналасында пайда болады.
5 Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. ・ Фотокамера фокустағанда, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Егер фотокамера фокустай алмаса, АФ аумағының жақшалары жыпылықтайды. ・ Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, фокустау əрекетіне көмектесу үшін АФ қосымша шамы жануы мүмкін. ・ Егер фотокамера алам беттерін немесе көздерін анықтаса, нысан фокусталса, фокустау нүктесі жасыл түсте жанады. Фотокамера фокустамағанда фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды.
D АФ қосымша шамы АФ қосымша шамы жанып тұрғанда, оны жаппаңыз. 6 Фотосуретке түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. D Жад картасына қатынасу шамы Фотосурет жазылып жатқанда, жад картасына қатынасу шамы жанады. Жад картасын немесе батареяны алмаңыз.
A Сенсорлы ысырма Сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосуретке түсіруге болады. Фокустау үшін нысанды түртіңіз жəне ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз.
Бейнефильмдерді жазу (b авто) Сондай-ақ b (автоматты) режимін қарапайым, «бағытта да, түсір» режимінде бейнефильм жазу үшін пайдалануға болады. 1 Бейне режимін фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз. Фотокамера бейне режимінде болғанда, қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз. 2 42 Режим ауыстырғышын АВТО (b) күйіне бұраңыз.
3 Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. ・ Жазу индикаторы мониторда көрсетілетін болады. Монитор қалған уақытты да, басқаша айтқанда, жад картасына жазуға болатын жаңа түсірілген бөліктің шамалас мөлшерін көрсетеді. 1 Жазу индикаторы 2 Қалған уақыт ・ Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады. Жазу барысында микрофонды жабуға болмайды. ・ Егер жазу барысында монитордағы нысанды түртсеңіз, нысан кадрда жылжыған кезде, фокустау нүктесі оны бақылайды.
D Жад картасына қатынасу шамы Бейнефильм жазылу барысында жад картасына қатынасу шамы жанады. Жад картасын немесе батареяны алмаңыз. D 0 белгішесі 0 белгішесі бейнефильмдерді жазу мүмкін емес екендігін білдіреді. D Бейнефильмдерді жазу ・ Бейнефильмді жазу келесі жағдайларда автоматты түрде аяқталады: - ең көп ұзақтыққа жетсе; - басқа режим таңдалса; - фотосурет/бейнефильм ауыстырғышы C күйіне бұрылса; - объектив алынса.
Фотосуреттерді көру Фотокамерамен түсірілген фотосуреттерді жəне бейнефильмдерді мониторда немесе көріністапқышта көру үшін K түймешігін басыңыз. ・ Басқа кескіндерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз болмаса мониторда солға не оңға шертіңіз. ・ Бейнефильмдер монитордың жоғарғы сол жағында 1 белгішесімен көрсетіледі. Бейнефильмдерді ойнату үшін мониторда J түймешігін басыңыз немесе a белгішесін түртіңіз.
Ақауларды жою Тұтынушыға қолдау көрсету бөліміне хабарласу алдында Төмендегі қадамдарды орындау арқылы фотокамераға қатысты ақауларды шешуге болады. Сатушыға немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласу алдында осы тізімді қараңыз. Жалпы проблемаларға қатысты тізімді қараңыз. Жалпы проблемалар мен шешімдер Анықтамалық -ҚАДАМ нұсқау құжатының ақауларды жою бөліміндегі тізімде берілген.
компаниясының қызмет көрсету өкіліне 4-ҚАДАМ Nikon хабарласыңыз.
Техникалық ескертпелер Фотокамераға күтім көрсету Сақтау Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны алып тастаңыз. Батареяны алып тастау алдында фотокамера өшірулі екенін тексеріңіз. Фотокамераны келесі орындарда сақтауға болмайды: ・ нашар желдетілетін немесе ылғалдылығы 60 %-дан жоғары жер; ・ теледидар немесе радио сияқты күшті электромагниттік өрістер шығаратын жабдықтың жаны; ・ 50 °C-тан жоғары немесе -10 °C-тан төмен температураларда.
Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер Фотокамераға күтім көрсету ● Құлатып алмаңыз Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз немесе соққыға ұшыратпаңыз. Егер өнімге қатты соққы немесе діріл əсер етсе, ақаулық пайда болуы мүмкін. ● Құрғақ күйде ұстаңыз Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Су əсерінен фотокамераның ішкі механизмінің тоттануын жөндеу қымбат болып қана қоймай, сонымен бірге қалпына келмеуі мүмкін.
фотокамерамен түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырату əсері байқалуы мүмкін. ● Лазерлер және басқа қатты жарық көздері Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорын зақымдауы мүмкін. ● Тазалау Фотокамера корпусын тазалаған кезде шаң мен түкті ауа үргішпен абайлап тазартыңыз, содан соң жұмсақ, құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз.
● Объектив түйіспелері Объектив түйіспесін таза күйінде ұстаңыз. Оларға саусақтарыңызды тигізбеңіз. ● Жақсы желдетілетін аймақта сақтаңыз Көгерудің немесе зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, жақсы желдетілетін аймақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта немесе камфора шарлармен, күшті электромагниттік өріс тудыратын жабдықтың жанында немесе жоғары температурада (мысалы, қыздырғыш жанында не ыстық күні жабық көлікте) сақтамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау өнімнің бұзылуына əкелуі мүмкін.
əрдайым сөндірулі (қара) пиксельдер болуы мүмкін, бұл ақаулық емес. Құрылғымен жазылған кескіндерге əсер етпейді. Түсінгеніңіз маңызды. ・ Монитордағы кескіндер қатты жарық кезде басқаша көрінуі мүмкін. ・ Мониторға қысым түсірмеңіз. Монитор бұзылуы немесе ысырма зақымдануы мүмкін. Монитордағы шаңды немесе түкті ауа үргішпен кетіруге болады. Мониторды жұмсақ шүберекпен немесе күдерімен сүрту арқылы ондағы дақтарды кетіруге болады.
D Деректерді сақтау құрылғыларын утилизациялау Кескіндерді жою немесе жад карталарын не басқа деректерді сақтау құрылғыларын форматтау түпнұсқалы кескін деректерін толық өшірмейтінін ескеріңіз. Кейде жойылған файлдарды утилизацияланған сақтау құрылғыларынан сатылымда бар бағдарламалық жасақтама арқылы қалпына келтіруге болады жəне бұл жеке кескін деректерінің рұқсатсыз заңсыз қолданылуына əкелуі ықтимал. Мұндай деректердің құпиялылығына пайдаланушы жауапты.
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз не оларды жалын немесе қатты ыстық температура əсеріне ұшыратпаңыз. - Фотокамераға немесе зарядтау құрылғысына салынбаған болса, батареяны пластик пакетте немесе басқа өткізгіш емес ыдыста ұстаңыз, осылайша түйіспе тұстар оқшауланған болады. ・ Егер батарея қызып кетсе (мысалы, пайдаланудан кейін бірден), оны зарядтау алдында суығанын күтіңіз.
・ Орта температурасы төмен болғанда, батареялардың қолжетімді сыйымдылығы əдетте азаяды. Температураға байланысты сыйымдылықтың өзгеруі фотокамераның батарея деңгейінің дисплейінде көрсетіледі. Нəтижесінде батарея толығымен зарядталған болса да, температура төмендеген сайын, батарея дисплейінде сыйымдылықтың төмендеуі көрінуі мүмкін. ・ Батареялар пайдаланылғаннан кейін қызып кетуі мүмкін. Батареяларды фотокамерадан абайлап шығарып алыңыз.
● Толық зарядталған батареяларды зарядтауға әрекеттенбеңіз Толық зарядталған батареяны зарядтай беру батареяның өнімділігін нашарлатады. ● Пайдаланылған батареяларды утилизациялау Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, алдымен түйіспе тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.
Зарядтаудың айнымалы ток адаптерін пайдалану ・ Зарядтау барысында фотокамераны жылжытуға немесе батареяны ұстауға болмайды. Бұл сақтық шарасы орындалмаса, батарея тек жартылай зарядталған кезде, фотокамерада кейде зарядтаудың аяқталғаны көрсетілуі мүмкін. Зарядтауды қайта бастау үшін адаптерді ажыратып, қайта жалғаңыз. ・ Адаптердің клеммаларын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық шарасы орындалмаса, зарядтау құрылғысы қызып кетуі жəне зақымдалуы мүмкін. ・ Адаптер пайдаланылмағанда, оны ажыратып қойыңыз.
Сауда белгілері және лицензиялар ・ SD, SDHC жəне SDXC логотиптері — SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері. ・ Windows — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. ・ Apple®, App Store®, Apple логотиптері, iPhone®, iPad®, Mac жəне macOS — АҚШ-та жəне/немесе басқа елдерде тіркелген Apple Inc. компаниясының сауда белгілері. ・ Android, Google Play жəне Google Play логотипі Google LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады.
иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. ・ Use of the Made for Apple badge means that an accessory has been designed to connect specifically to the Apple products identified in the badge, and has been certified by the developer to meet Apple performance standards. Apple is not responsible for the operation of this device or its compliance with safety and regulatory standards. Please note that the use of this accessory with an Apple product may affect wireless performance.
Ескертпелер ● Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ҚОҚЫСҚА ТАСТАҢЫЗ. Бұл таңба электрлік жəне электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі ережелер тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға арналған: ・ Бұл өнімді тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау керек. Тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз.
Батареядағы бұл таңба батарея бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі ережелер тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға арналған: ・ Осы таңбамен белгіленген не белгіленбеген барлық батареяларды тиісті жинау нүктесінде жинау керек. Тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз. ・ Қосымша ақпарат алу үшін сатушыға немесе қоқысты жою мен қайта өңдеуге жауапты жергілікті ұйымдарға хабарласыңыз.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы құжатқа сəйкес эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдерге экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін). Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
- 2412–2462 МГц (11-арна), 5180–5825 МГц (5180–5580 МГц, 5660–5700 МГц жəне 5745–5825 МГц) (АҚШ, Канада, Мексика) - 2412–2462 МГц (11-арна), 5180–5805 МГц (5180–5320 МГц жəне 5745–5805 МГц) (Америка континенттеріндегі басқа елдер) ・ Ең көп шығыс қуат (EIRP): - 2.4 ГГц диапазоны: 8.1 дБм - 5 ГГц диапазоны: 7.9 дБм (Америка континенттеріндегі елдер) Bluetooth ・ Жұмыс жиілігі: - Bluetooth: 2402–2480 МГц - Қуатты аз тұтынатын Bluetooth: 2402–2480 МГц ・ Ең көп шығыс қуат (EIRP): - Bluetooth: 2.
A Conformity marking (Сәйкестік белгілері) Фотокамера сəйкес келетін стандарттарға қатысты кейбір ақпаратты баптау мəзіріндегі [Conformity marking (Сәйкестік белгілері)] опциясы арқылы көруге болады.
Кеден Одағының мәлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/ сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Z fc Өндіруші: "Никон Корпорейшн",Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония Импортер: ЖШС "Никон", Мекен жайы: 123242, Ресей, Мəскеу, Пресненский муниципалды округі, Новинский бульвары, 31 үй, 1 қабат, 77 бөлме Шығарушы ел: Таиланд Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) 65
Кепілдік шарттары Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/ Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мəліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: ・ қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру. ・ пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. ・ тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
CT1H02(Y7) 6MOA94Y7-02