Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Фотокамера мен батареяны күту: сақтық шаралары
669
Батареяға күтім жасау
Қолдану бойынша сақтық шаралары
Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар жарылып немесе ағып,
өнімнің тот басуына əкелуі мүмкін. Батареялармен жұмыс
істегенде келесі сақтық шараларын сақтаңыз:
- Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді өшіріңіз.
- Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
- Батарея терминалдарын таза ұстаңыз.
- Осы жабдықта пайдалануға рұқсат етілген батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
- Батареяларды қысқартпаңыз немесе бөлшектемеңіз, оларды
жалынға немесе шамадан тыс қызуға шығармаңыз.
- Батарея камераға немесе зарядтағышқа салынбаған кезде,
терминалдар оқшаулануы үшін оны пластик пакетке немесе
басқа ток өткізбейтін контейнерге салыңыз.
Батарея ыстық болса, мысалы, пайдаланғаннан кейін бірден
зарядтау алдында оның салқындағанын күтіңіз. Батареяның
ішкі температурасы көтерілген кезде зарядтауға əрекеттену
батареяның жұмысын нашарлатады жəне батарея зарядталмауы
немесе ішінара зарядталмауы мүмкін.
Батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмаса, сақтау үшін
камерадан шығармас бұрын, оны камераға салып, тегіс іске
қосыңыз. Батареяны қоршаған орта температурасы 15 °C пен 25
°C (59 °F пен 77 °F) аралығындағы салқын, құрғақ жерде сақтау
керек. Ыстық немесе өте суық жерлерден аулақ болыңыз.
Батареяларды пайдаланғаннан кейін алты ай ішінде зарядтау
керек. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау кезінде батареяны
зарядтаңыз жəне камераны сақтау үшін салқын жерге қайтармас
бұрын оны жарты жылда бір рет бос жұмыс істеу үшін
пайдаланыңыз.
Қолданбаған кезде батареяны камерадан немесе зарядтағыштан
алыңыз. Камера мен зарядтағыш өшірулі кезде де аздаған