Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Фотокамера мен батареяны күту: сақтық шаралары
665
Фотокамера мен батареяны күту:
с
ақтық шаралары
Камераға күтім жасау
Түсірмеңіз
Фотокамераны немесе линзаны түсіріп алмаңыз немесе оларға
соққы тигізбеңіз. Қатты соққылар немесе діріл əсерінен өнім дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ ұстаңыз
Камераны құрғақ ұстаңыз. Камера ішіндегі судың əсерінен ішкі
механизмнің тот басуы жөндеуге қымбат болып қана қоймайды,
сонымен қатар түзетілмейтін зақым келтіруі мүмкін.
Температураның кенеттен өзгеруіне жол бермеңіз
Фотокамераны суық жерден жылы жерге немесе жылы жерден
салқын жерге əкелсеңіз, камераның ішінде жəне сыртында
су тамшылары пайда болып, зақымдалуы мүмкін. Камераны
температура айырмашылығы бар жерге əкелген кезде, камераны
тасымалдауға арналған сөмкеге немесе пластик пакетке салып,
алдын ала жабыңыз. Камера қоршаған орта температурасына
бейімделген кезде, оны сөмкеден шығарып, пайдаланыңыз.
Күшті магнит өрістерінен аулақ болыңыз
Статикалық зарядтар немесе радиотаратқыштар сияқты жабдық
шығаратын магнит өрістері мониторға кедергі келтіруі, жад
картасында сақталған деректерді бұзуы немесе өнімнің ішкі
схемасына əсер етуі мүмкін.
Линзаны күнге қаратып қалдырмаңыз
Линзаны күнге немесе басқа күшті жарық көзіне қаратып ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Қарқынды жарық кескін сенсорын зақымдауы немесе
өшіп қалуы немесе «жанып кетуі» мүмкін. Камерамен түсірілген
фотосуреттер ақ бұлыңғырлық əсерін көрсетуі мүмкін.