Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Ескертулер
40
Nikon емес электрондық керек-жарақтарды пайдалану камераны
зақымдауы жəне Nikon кепілдігінің күшін жоюы мүмкін. Төменде
көрсетілген Nikon голографиялық тығыздағыштары жоқ үшінші
тарап қайта зарядталатын литий-ионды батареяларды пайдалану
фотокамераның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі немесе
батареялардың қызып кетуіне, тұтануына, жарылуына немесе ағып
кетуіне əкелуі мүмкін.
Nikon брендінің керек-жарақтары туралы қосымша ақпарат алу үшін
жергілік
ті өкілетті Nikon дилеріне хабарласыңыз.
Жад карталары
Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін.
Жад карталарын камерадан шығарған кезде абай болыңыз.
Пішімдеу кезінде немесе деректер жазу, жою немесе
компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде
келесі əрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын
орындамау деректердің жоғалуына немесе камераның
немесе картаның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
- Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз
- Камераны өшірмеңіз
- Батареяны шығармаңыз
Карта терминалдарын саусақтарыңызбен немесе металл
заттармен ұстамаңыз.
Жад карталарын ұстаған кезде шамадан тыс күш
қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын сақтамау картаны
зақымдауы мүмкін.
Жад карталарын майыстырмаңыз немесе түсірмеңіз немесе
оларды қатты физикалық соққыларға ұшыратпаңыз.
Жад карталарын суға, ыстыққа немесе тікелей күн сəулесінің
əсеріне ұшыратпаңыз.
Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.