Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
34
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды,
зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін
немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен
бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін жəне USB
кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз,
ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға
жылу немесе жалын əсерін тигізбеңіз.
Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа
арналған түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я
болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын
пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына
əкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток
адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына əкелуі мүмкін.
Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін
жерлерде өнімдерге тікелей тимеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге əкелуі
мүмкін.