Қолданушы нұсқаулығы

Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: Сақтық ескертулер 55
Орта температурасы төмен болғанда, батареялардың қолжетімді
сыйымдылығы əдетте азаяды. Температураға байланысты
сыйымдылықтың өзгеруі фотокамераның батарея деңгейінің
дисплейінде көрсетіледі. Нəтижесінде батарея толығымен
зарядталған болса да, температура төмендеген сайын, батарея
дисплейінде сыйымдылықтың төмендеуі көрінуі мүмкін.
Батареялар пайдаланылғаннан кейін қызып кетуі мүмкін.
Батареяларды фотокамерадан абайлап шығарып алыңыз.
Батареяларды пайдалану алдында зарядтаңыз
Батареяны пайдалану алдында зарядтаңыз. Бірге берілетін батарея
толық зарядталмаған күйде жеткізіледі.
Қосалқы батареяларды дайындау
Фотосуретке түсіру алдында қосалқы батареяны дайындап, оны
толық зарядтап қойыңыз. Орналасқан жеріңізге байланысты
батареяларды қысқа мерзім ішінде сатып алу қиынға соғуы мүмкін.
Суық күндері толық зарядталған қосалқы батареяларды
дайындаңыз
Жартылай зарядталған батареялар суық күндері жұмыс істемеуі
мүмкін. Суық ауа райында батареяны пайдалану алдында
зарядтаңыз жəне қажет болғанда, ауыстыруға дайын болатын
екіншісін жылы жерде сақтаңыз. Суық батарея жылығаннан кейін,
оның заряды біршама қалпына келуі мүмкін.
Батарея деңгейі
Егер батареяның заряды толық таусылғанда, фотокамераны
қайталап қосу немесе өшіру батареяның қызмет мерзімін
қысқартуы мүмкін. Заряды толық таусылған батареяларды
пайдалану алдында зарядтау қажет.
Толық зарядталған батарея бөлме температурасында
пайдаланылған кезде заряды сақталатын уақыттың айтарлықтай
төмендеуі оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа зарядталатын
батарея сатып алыңыз.