Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Фотокамера мен батареяны күту: сақтық шаралары
667
ақаулық емес. Құрылғымен жазылған кескіндерге əсер етпейді.
Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Монитордағы кескіндерді жарқын жарықта көру қиын болуы
мүмкін.
Мониторға қысым жасамаңыз. Монитор дұрыс жұмыс істемеуі
немесе зақымдалуы мүмкін. Монитордағы шаңды немесе
талшықты үрлегішпен кетіруге болады. Дақтарды мониторды
жұмсақ шүберекпен немесе күдері былғарымен сəл сүрту арқылы
кетіруге болады. Монитор сынған жағдайда, сынған əйнектен
жарақат алмау үшін абай болу керек. Монитордағы сұйық
кристалдың теріге тиіп кетпеуі немесе көзге немесе ауызға
түспеуін абайлаңыз.
Көріністапқышта кадрға түсіру кезінде келесі белгілердің кез
келгенін байқасаңыз, жағдайыңыз жақсарғанша пайдалануды
тоқтатыңыз:
- жүрек айнуы, көздің ауыруы, көздің шаршауы,
- бас айналу, бас ауруы, мойынның немесе иықтың қаттылығы,
- құсу немесе қол-көз координациясының жоғалуы немесе
- теңіз ауруы.
Серпінді суретке түсіру кезінде дисплей жылдам жыпылықтауы
жəне өшуі мүмкін. Жыпылықтаған дисплейді көру өзіңізді нашар
сезінуіңізге əкелуі мүмкін. Жағдайыңыз жақсарғанша пайдалануды
тоқтатыңыз.
Жарық шамдар жəне артқы жарықтандырылған
нысандар
Жарық шамдар немесе артқы жарықтандырылған нысандарды
қамтитын суреттерде сызықтар түріндегі шу сирек жағдайларда
пайда болуы мүмкін.