Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Мəселелер мен шешімдер
594
мүмкін. Әсерді баяуырақ ысырма жылдамдықтарын жəне/немесе
жоғарырақ f сандарын таңдау арқылы азайтуға болады.
Суреттерге айқын елес немесе жарқырау əсер етеді:
Күнді немесе басқа жарқын жарық көздерін қамтитын кадрларда
е
лес немесе жарқырауды байқауыңыз мүмкін. Бұл əсерлерді
объектив қақпағын бекіту арқылы немесе кадрдан жақсы
шыққан жарқын жарық көздерімен түсіру арқылы азайтуға
болады. Сондай-ақ линза сүзгілерін алып тастау, басқа ысырма
жылдамдығын таңдау немесе дыбыссыз фотосуретті пайдалану
сияқты əдістерді қолдануға болады.
Түсіру күтпеген жерден аяқталады немесе басталмайды:
Фо
токамераның қызып кетуіне жол бермеу үшін түсіру
автоматты түрде аяқталуы мүмкін, мысалы:
- Қоршаған ортаның температурасы жоғары
- Бейнелерді жазу үшін камера ұзақ уақыт бойы пайдаланылды
- Камера ұзақ уақыт бойы үздіксіз босату режимдерінде
пайдаланылды
Фотокамера қызып тұрғандықтан фотосуреттерді түсіру мүмкін
болмаса, фотосуреттерді қайта түсірмес бұрын камераны
өшіріп, суығанша күтіңіз. Камера жанасу кезінде жылы болуы
мүмкін екенін ескеріңіз, бірақ бұл ақаулықты көрсетпейді.
Суретке түсіру кезінде дисплейде кескін артефактілері
пайда бо
лады:
Шу
ды азайту үшін ISO сезімталдығы, ысырма жылдамдығы
немесе Active D-Lighting сияқты параметрлерді реттеңіз.
Жоғары ISO сезімталдықтарында шу ұзақ экспозицияларда
немесе камера температурасы көтерілген кезде түсірілген
суреттерде айқынырақ болуы мүмкін.
Кездейсоқ бөлінген жарық пикселдер, тұман немесе жарық
дақтар камераның ішкі тізбектерінің температурасының
жоғарылауы нəтижесінде пайда болуы мүмкін. Қолданбаған
кезде камераны өшіріңіз.