Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Қашықтағы жарқыл бөліктерін басқару
587
D Қашықтан жарқылмен суретке түсіру
Негізгі жарқылдан жарықты алу үшін сенс
ор терезелерін
қашықтағы жарқыл бөліктеріне орналастырыңыз. Негізгі жарқыл
қол камерасына орнатылған болса, ерекше сақтық қажет.
Қашықтағы жарқыл бөліктерінен түсетін тікелей жарық немесе
күшті шағылыстар камера объективіне ([ TTL ] режимінде)
немесе қашықтағы жарқыл бөліктеріндегі ([
q
A ] режимі)
фотоэлементтерге түспейтініне көз жеткізіңіз. Әйтпесе жарқыл
бөліктерінен түсетін жарық экспозицияға кедергі келтіруі мүмкін.
[ Негізгі жарқыл ] > [ Режим ] үшін [ –– ] таңдалса
да, негізгі жарқыл төмен қарқынды уақыт жыпылықтауын
шығаруы мүмкін. Бұл жыпылықтаулар қысқа қашықтықта
түсірілген фотосуреттерде пайда болуы мүмкін. Төмен ISO
сезімталдықтарын немесе шағын саңылауларды (жоғары f
сандары) таңдау арқылы мұны болдырмауға болады.
Қашықтағы жарқыл бөліктерін орналастырғаннан кейін сынақ
суретін түсіріп, нəтижелерді камера дисплейінде қараңыз.