Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық
- Орауыш құрамы
- Осы құжат туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
60
Сақтық ескертулер: орын деректері (GPS/GLONASS)
●
Орын деректері және бақылау журналдары
•
Баптау мәзірінде [Location data (built-in)] (Орын деректері
(кірістірілген)) > [Record location data] (Орын деректерін жазу)
үшін [ON] күйі таңдалған болса немесе журналды бақылау
орындалып жатса, фотокамера тіпті өшірулі кезде де журналды
және/немесе орынды алуды жалғастырады.
•
Жеке ақпарат бақылау журналдарында сақталған немесе
фотосуреттерде және бейнефильмдерде ендірілген орын
деректерінен алынуы мүмкін. Фотосуреттерді, бейнефильмдерді
немесе бақылау журналдарын бөліскенде, я болмаса оларды
интернетте немесе үшінші тараптар көре алатын басқа
орындарда жариялағанда, сақ болыңыз. Сондай-ақ «Сақтық
ескерту: деректерді сақтау құрылғыларын қоқысқа лақтыру»
(
0
53) бөлімін оқыңыз.
●
Навигация
Бұл өнім фотокамера болып табылады. Ол навигациялық немесе
геодезиялық құрылғы ретінде пайдалануға арналмаған.
•
Фотокамера беретін орын жуықталған болып табылады. Ол ауада
немесе көлікпен, жаяу немесе басқа құралдар арқылы
саяхаттағанда геодезиялық түсіру немесе навигация үшін
пайдалануға арналмаған.
●
Шетелде пайдалану
•
Саяхаттау алдында турагенттен, я болмаса сіз баратын елдердің
елшілігінен немесе туризм кеңесінен орын деректерін жазуға
қолдау көрсететін фотокамераларды пайдалануға қолданылуы
мүмкін шектеулер туралы ақпаратты біліңіз. Мысалы, Қытайда
орын деректерін рұқсат етілмеген жазуға тыйым салынады.
[Record location data] (Орын деректерін жазу) үшін [OFF] күйін
таңдаңыз.
•
2021 жылдың қазан айында, орын деректері функциясы Қытайда
және Қытай шекарасының жанында күткендей жұмыс істемеуі
мүмкін.
Сақтық ескертулер: орын
деректері (GPS/GLONASS)