Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
57
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: зарядтағышты
пайдалану
Зарядтау кезінде зарядтағышты жылжытпаңыз немесе батареяны
ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек
жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда зарядтағыштың
зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды
қайтадан бастау үшін батареяны шығарып, қайта салыңыз.
Зарядтағыштың түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл
сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және
зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Зарядтағыш пайдаланылып жатпағанда, зарядтағышты
розеткадан суырыңыз немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін
ажыратыңыз.
MH-33 зарядтағышын тек үйлесімді батареялармен бірге
пайдаланыңыз.
Ішін ашық қалдыратын зақымы бар немесе пайдаланған кезде
әдеттен тыс дыбыстар шығаратын зарядтағыштарды
пайдаланбаңыз.
Осы өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
p
тұрақты ток
Сақтық ескертулер: айнымалы ток
адаптерін пайдалану
Батареяны зарядтау айнымалы ток адаптері арқылы зарядтау
алдында батарея бөлімінің қақпағын бекітіңіз.
Зарядтау кезінде фотокамераны жылжытпаңыз немесе
батареяны ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек
жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда фотокамераның
зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды
қайтадан бастау үшін адаптерді ажыратыңыз және қайта қосыңыз.
Адаптердің түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және зарядтағышты
зақымдауы мүмкін.
Пайдаланбаған кезде, адаптерді розеткадан суырыңыз.
Ішін ашық қалдыратын зақымы бар немесе пайдаланған кезде
әдеттен тыс дыбыстар шығаратын адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Осы өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
m
айнымалы ток,
p
тұрақты ток,
q
II сыныпты жабдық (өнімнің
құрылысы екі рет оқшауланған)