Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық
- Орауыш құрамы
- Осы құжат туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
55
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
•
Батареяны –10 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған
орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін
төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта
температураларында зарядтаңыз. Темпертаурасы 0°C-тан төмен
немесе 60 °C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды.
•
0°C–15°C және 45 °C–60 °C батарея температураларында
сыйымдылық азаюы және зарядтау уақыттары артуы мүмкін.
•
Әдетте, төмен қоршаған орта температураларында
батареялардың сыйымдылығы төмендейді. Шамамен 5°C-тан
төмен температураларда тіпті жаңадан зарядталған батареялар
да баптау мәзірінің [Battery info] (Батарея туралы ақпарат) жас
дисплейінде «0»-ден «1»-ге дейін уақытша артуды көрсетуі
мүмкін, бірақ дисплей батарея шамамен 20 °C немесе жоғарырақ
температурада зарядталғаннан кейін қалыпты мәнге оралады.
•
Төмен температураларда батарея сыйымдылығы төмендейді.
Сыйымдылықтың температурамен бірге өзгеруі фотокамераның
батарея деңгейі дисплейінде көрінеді. Нәтижесінде, батарея
дисплейі температура төмендегенде, тіпті батарея толығымен
зарядталған болса да, сыйымдылықтың төмендеуін көрсетуі
мүмкін.
•
Пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
Батареяларды фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
●
Пайдалану алдында батареяларды зарядтау
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея
жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды.
●
Қосалқы батареяларды дайындаңыз
Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз
және толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге
байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа мерзімде
сатып алу қиын болуы мүмкін.