Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық
- Орауыш құрамы
- Осы құжат туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
54
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: батареяға күтім
жасау
●
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
•
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе
ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды
пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
- Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
- Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
- Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз.
- Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды
пайдаланыңыз.
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз, я
болмаса жалын немесе шамад
ан тыс қызу әсерін тигізбеңіз.
- Батарея фотокамераға немесе зарядтағышқа салынбаған кезде,
түйіспе тұс қақпағын қайта орнатыңыз.
•
Батарея ыстық болса, мысалы, пайдаланудан кейін бірден,
зарядтау алдында оның салқындауын күтіңіз. Батареяны ішкі
температурасы көтерілген кезде зарядтауға әрекеттену
батареяның өнімділігін төмендетеді және батарея зарядталмауы
немесе тек ішінара зарядталуы мүмкін.
•
Батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны
фотокамерадан шығарыңыз және 15 °C - 25 °C қоршаған орта
температурасы бар салқын, құрғақ жерге сақтауға қойыңыз.
Ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
•
Батареяларды пайдаланудың алты айы ішінде зарядтау керек.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған кезде, батареяны сақтау үшін
салқын жерге қайтару алдында алты айда бір рет зарядтап
тұрыңыз.
•
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе
зарядтағыштан шығарыңыз. Фотокамера мен зарядтағыш тіпті
өшірулі кезде де зарядтың шағын мөлшерін алады және
батареяны жұмыс істемей қалатын деңгейге дейін тауысуы
мүмкін.