Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
51
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Объектив түйіспелері
Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз. Оларға саусақтармен тимеңіз.
Жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз
Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта
немесе камфара шариктерімен бірге, күшті электрмагниттік
өрістерді тудыратын жабдықтың жанында немесе өте жоғары
температуралар әсер ететін жерде, мысалы, қыздырғыштың
жанында немесе ыстық күнде жабық көлікте сақтамаңыз. Бұл
сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Ұзақ мерзім бойы сақтау
Мысалы, батарея сұйықтығының жылыстауы тудыратын зақымды
болдырмау үшін өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
батареяны шығарып алыңыз. Фотокамераны десикант бар пластик
пакетте сақтаңыз. Дегенмен, фотокамераның былғары қабын
пластик пакетте сақтамаңыз, өйткені бұл материалдың
нашарлауына әкелуі мүмкін. Батареяны салқын, құрғақ жерде
сақтаңыз. Десикант ылғалды сіңіру мүмкіндігін біртіндеп
жоғалтатынын және жүйелі аралықтарда ауыстырылуы керектігін
ескеріңіз. Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны
кемінде айына бір рет сақтаудан шығарыңыз, батареяны салыңыз
және ысырманы бірнеше рет босатыңыз.