Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық
- Орауыш құрамы
- Осы құжат туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
5
Осы құжат туралы
❚❚
Таңбалар
Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет
ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз.
❚❚
Шартты белгілер
•
Бұл фотокамерада CFexpress (Type B) және XQD жад
карталары пайдаланылады. Барлық түрлерге жататын жад
карталары осы құжатта «жад карталары» деп аталады.
Түрлерді ажырату қажет болған жағдайда «CFexpress жад
картасы» және «XQD жад картасы» терминдері
пайдаланылуы мүмкін.
•
Осы құжатта зарядтау құрылғылары «зарядтау құрылғылары»
немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
•
Осы құжатта, суретке түсіру кезінде фотокамера
мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей «түсіру
режимінің дисплейі» деп аталады. Жағдайлардың
көпшілігінде, иллюстрациялар мониторды көрсетеді.
•
Осы құжатта смартфондар мен планшеттер «смарт
құрылғылар» деп аталады.
•
Осы құжатта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде
қолданылған параметрлерді білдіру үшін пайдаланылады.
Бұл құжаттағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер
пайдаланылған деп есептеледі.
Осы құжат туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған
сілтемелерді белгілейді.