Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
47
Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында
Ақауларды жою
Төмендегі әрекеттерді орындау арқылы сіз фотокамерадағы
кез келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен
немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес
алу алдында осы тізімді тексеріңіз.
Тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарласу алдында
1
-ҚАДАМ
Жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз.
Жиі кездесетін мәселелер мен шешімдер
Анықтамалық нұсқаулық құжатының ақаулықтарды
жою бөлімінде тізілген.
2
-ҚАДАМ
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз, содан
кейін шамамен бір минут күтіңіз, батареяны қайта
салыңыз және фотокамераны қосыңыз.
D
Суретке түсіруден кейін фотокамера деректерді
жад картасына жазуды жалғастыруы мүмкін.
Батареяны шығару алдында кемінде бір минут
күтіңіз.
3
-ҚАДАМ
Nikon веб-сайттарында іздеңіз.
Қолдау ақпаратын және жиі қойылатын сұрақтарға
жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға
арналған веб-сайтқа кіріңіз (
0
16).
Фотокамераға арналған соңғы бағдарлама
жасақтамасын жүктеп алу үшін мына сайтқа кіріңіз:
https://downloadcenter.nikonimglib.com/
4
-ҚАДАМ
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен
кеңес алыңыз.