Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
45
Бейнелерді түсіру
D
Сақтық ескертулер: бейнефильмдерді жазу
Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде
аяқталады:
- максималды ұзақтыққа жеткенде,
- фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын пайдаланып
режимдерді ауыстырсаңыз немесе
- объективті алғанда.
Фотокамера тудырған дыбыстар жазылған түсірілген бөлікте
естілуі мүмкін:
- автофокус кезінде,
- дірілді азайту кезінде немесе
- электр жетекті апертура пайдаланылғанда.
D
Жад картасының жоғары температурасы туралы
ескерту
Бейнефильм жазу кезінде жад карталары
қызып кетуі мүмкін және түсіру режимінің
дисплейінде жоғары температура туралы
ескерту көрінуі мүмкін. Жад картасын
шығаруға әрекеттенбеңіз; оның орнына
фотокамераның салқындауын және
дисплейден ескертудің тазалануын күтіңіз.