Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
25
Батареяны зарядтау
D
Сақтық ескерту: EN-EL18d батареяларын зарядтау
EN-EL18d қайта зарядталатын литий-ионды батареялары MH-26a
немесе MH-26 зарядтау құрылғыларымен үйлесімді емес.
EN-EL18d батареяларын зарядтағыш арқылы зарядтаған кезде
MH-33 зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.
D
Зарядтау шамдары тез жыпылықтаса
Егер зарядтау шамдары тез жыпылықтаса (секундына 8 рет):
Батарея дұрыс салынбаған: зарядтағышты розеткадан
ажыратып, алыңыз және батареяны қайта салыңыз.
Қоршаған орта температурасы тым ыстық немесе тым суық:
зарядтау құрылғысын белгіленген температура ауқымында (0–
40 °C) пайдаланыңыз.
Егер мәселе шешілмесе, зарядтағышты розеткадан ажыратып,
зарядтауды аяқтаңыз. Батареяны және зарядтағышты Nikon
компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.