Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
15
Ескертпелер
Жад карталары
Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад
карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса
компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі
әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау
деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе
картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз.
- Фотокамераны өшірмеңіз.
- Батареяны шығармаңыз.
- Айнымалы ток адаптерлерін ажыратпаңыз.
Жад картасының түйіспелеріне саусақтарыңызбен немесе металл
заттармен тимеңіз.
Жад карталарын ұстағанда, артық күш қолданбаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау картаны зақымдауы мүмкін.
Жад карталарын майыстырмаңыз немесе түсіріп алмаңыз, я
болмаса қатты физикалық соққыларға ұшыратпаңыз.
Жад карталарына судың, жылудың немесе тік күн жарығының
әсерін тигізбеңіз.
Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.