Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық
- Орауыш құрамы
- Осы құжат туралы
- Мазмұны
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
13
Ескертпелер
•
Осы өніммен бірге келген құжаттаманың ешбір бөлігін Nikon
компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен
қайта көшіруге, таратуға, транскрипциясын жасауға, іздеу
жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге
аударуға рұқсат етілмейді.
•
Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен
бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық
сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту
құқығын сақтап қалады.
•
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір
зақымға жауап бермейді.
•
Осы құжаттамадағы ақпараттың дұрыс және толық болуына бар
күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе
қосылмай қалған тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon
өкіліне хабарлауыңызды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
●
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық
тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі
заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
•
Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған
нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың
немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін
немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды немесе
құнды қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын немесе
ашық хаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Үкімет шығарған маркаларды және заңда қарастырылған
куәландырылған құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Ескертпелер