Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
ЕСКЕРТУ
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл
өнімді пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Об
ъектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса,
кішк
ентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз.
Бала осы өнімнің кез келген бөлігін
жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареялар
ды, зарядтау құрылғыларын
немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға
арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін
пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз
немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу
немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған түрлендіргіштерді
немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын
пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе тоқ соғуына әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып
жатқанда ашаны ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
Ашаның металл бөліктеріндегі немесе олар
дың жанындағы шаңды құрғақ шүберекпен
кетіру керек.
Пайдалануды жалғастыру өртке әкелуі мүмкін.
29
Қауіпсіздік шаралары