Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
49
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: фотокамераға күтім
жасау
Түсіріп алмаңыз
Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса
оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе
дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз
Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Фотокамера ішіндегі судың
әсері тудырған ішкі механизмнің тоттануы жөндеу қымбатқа түсіп
қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде жөнделмейтін зақымды
тудыруы мүмкін.
Температурадағы кенет өзгерістерді болдырмаңыз
Фотокамераны жылы ортадан суық ортаға немесе керісінше апару
фотокамераның ішіндегі және сыртындағы зақымдайтын
конденсацияға әкелуі мүмкін. Температура шекарасынан өткізу
алдында фотокамераны герметикалық пакетке немесе пластик
қапқа салыңыз. Жаңа температураға бейімделгеннен кейін
фотокамераны пакеттен немесе қаптан алуға болады.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Радио таратқыштар сияқты жабдық тудыратын статикалық
зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад
картасында сақталған деректерді бүлдіруі немесе өнімнің ішкі
схемасына әсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз
Объективті күнге немесе басқа күшті жарық көзіне қаратып ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсорын зақымдауы, я
болмаса өңсізденуді немесе «күюді» тудыруы мүмкін.
Фотокамерамен түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырау әсері
болуы мүмкін.
Фотокамераны және батареяны
күту: сақтық ескертулер