САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы • Фотокамераны пайдаланбас бұрын, осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (8-бет) оқып шығыңыз. • Осы құжатты оқыған соң, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін қолжетімді жерде сақтаңыз. Егжей-тегжейлі пайдалану туралы нұсқауларды алу үшін сканерлеңіз.
Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық Осы Пайдаланушы нұсқаулығы құжатына қоса, фотокамераңыз үшін Анықтамалық нұсқаулық құжаты қолжетімді. Пайдаланушы нұсқаулығы (осы құжат) Пайдаланушы нұсқаулығы фотокамераның негізгі әрекеттерін сипаттайды. Анықтамалық нұсқаулық Фотокамера мүмкіндіктері және әрекеттері туралы мәліметтер Пайдаланушы нұсқаулығы құжатының қосымшасы болып табылатын Анықтамалық нұсқаулық құжатында берілген.
D Nikon жүктеп алулар орталығы Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдарын, NX Studio және басқа Nikon компьютерлік бағдарламалық жасақтамасын әрі Nikon өнімдеріне, соның ішінде фотокамераларға, NIKKOR объективтеріне және жарқыл бөліктеріне арналған құжаттаманы жүктеп алу үшін Nikon жүктеп алулар орталығына кіріңіз. https://downloadcenter.nikonimglib.com/ D Nikon бағдарламалық жасақтамасы NX Studio және басқа компьютерлік бағдарламалық жасақтаманы Nikon жүктеп алулар орталығынан жүктеп алуға болады.
Орауыш құрамы Мұнда тізілген барлық заттар фотокамерамен қоса берілгеніне көз жеткізіңіз.
Осы құжат туралы ❚❚ Таңбалар Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз. D A 0 Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді. ❚❚ Шартты белгілер • Бұл фотокамерада CFexpress (Type B) және XQD жад карталары пайдаланылады.
Мазмұны Z 9 Пайдаланушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық ............................................................................... 2 Орауыш құрамы......................................................................... 4 Осы құжат туралы...................................................................... 5 Қауіпсіздік шаралары ................................................................ 8 Ескертпелер.............................................................................
Ақауларды жою 47 Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында ..... 47 Техникалық ескертпелер 48 Фотокамераны күту ................................................................. Ұзақ мерзім бойы сақтау ...................................... Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер.... Сақтық ескертулер: фотокамераға күтім жасау ................................................................. Сақтық ескертулер: батареяға күтім жасау ........ Сақтық ескертулер: зарядтағышты пайдалану .
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды я болмаса өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жететін жерде сақтаңыз. A ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. A ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін. Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін. Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін жерлерде өнімдерге тікелей тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге әкелуі мүмкін. A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін.
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері әсер етуі мүмкін. Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз жарақаттарына әкелуі мүмкін. Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз. Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. A ЕСКЕРТУ (Батареялар) Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Ескертпелер Осы өніммен бірге келген құжаттаманың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта көшіруге, таратуға, транскрипциясын жасауға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді. • Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың (акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар және т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі туралы ескертулерді таратты.
● Жад карталары • Пайдаланудан кейін • • • • • • жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз. Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін. - Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз. - Фотокамераны өшірмеңіз. - Батареяны шығармаңыз.
D Маңызды суреттерді түсіруден бұрын Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
Фотокамераның бөліктері Фотокамера корпусы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 8 14 13 1 2 3 4 5 6 7 12 Суретке түсіру режимінің дискісінің құлпын босату BKT түймешігі c түймешігі Стерео микрофон (бейнелер үшін) Бейнефильмді жазу түймешігі S (Q) түймешігі E түймешігі 11 10 8 9 10 11 12 13 14 Фотокамера бауына арналған тесік E (фокустық жазықтық таңбасы) Басқару панелі GNSS антеннасы Керек-жарақтарға арналған құрылғы (қосымша жарқыл бөлігі үшін) I түймешігі c түймешігі Фотокамера корпусы 17
1 2 3 4 5 6 7 13 14 15 16 17 18 8 19 20 21 1 2 3 4 5 6 7 8 18 12 Қуат ажыратқышы Ысырманы босату түймешігі АФ қосымша шамы Қызыл көз әсерін азайту шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы M түймешігі Жарқылды синхрондау түйіспе тұс қақпағы 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышының қақпағы Микрофонның, құлаққаптың және Ethernet жалғағыштарының қақпағы USB және HDMI жалғағыштарының қақпағы Фотокамера корпусы 11 10 9 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Фокустау режимі түймешігі Батарея бөлім
14 13 12 11 10 9 8 7 6 5 1 2 3 4 5 6 7 Микрофон (дауыстық жазбалар үшін) U түймешігі T түймешігі b түймешігі Желі индикаторы Монитор Үндеткіш 4 3 2 1 Окулярды босату O (Q) түймешігі g (Fn4) түймешігі Суретке түсіру режимінің дискі 12 Резеңке көзүсті қалқан 13 Көріністапқыш 14 Көз сенсоры 8 9 10 11 Фотокамера корпусы 19
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 18 17 16 Линза реттеу дөңгелекшесі DISP түймешігі Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышы 4 AF-ON түймешігі 5 Қосымша селектор 6 Басты басқару дискі 7 i түймешігі 8 J түймешігі 9 Мульти селектор 10 X түймешігі 11 G түймешігі 1 2 3 20 Фотокамера корпусы 12 13 14 15 16 17 18 K түймешігі W (Q) түймешігі Тікесінен суретке түсіруге арналған AF-ON түймешігі Тікесінен суретке түсіруге арналған негізгі басқару дискісі Тікесінен суретке түсіруге арналған мульти селектор Жад картасын
1 17 2 16 3 15 4 14 5 13 6 12 7 11 10 1 2 3 4 5 6 7 8 9 8 9 Объективті босату түймешігі Объектив жиектемесі Микропроцессор түйіспелері Кескін сенсоры Fn3 түймешігі Штатив ұяшығы Тікесінен суретке түсіруге арналған қосымша басқару дискі Тікесінен суретке түсіруге арналған ысырманы босату түймешігі Тікесінен суретке түсіруге арналған Fn түймешігі 10 11 12 13 14 15 16 17 Қауіпсіздік ұяшығы (ұрлыққа қарсы кабель үшін) Тікесінен суретке түсіруге арналған S түймешігі Тікесінен суретке түсіруг
Алғашқы қадамдар Бауды жалғау Бауды жалғау үшін (жинақтағы бау немесе бөлек сатып алынған бау болуы мүмкін): 22 Бауды жалғау
Батареяны зарядтау Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL18d батареясын зарядтаңыз. D Сақтық ескерту: батарея және зарядтағыш «Қауіпсіздік шаралары» (0 8) бөліміндегі және «Фотокамера мен батареяны күту: сақтық ескертулер» (0 49) бөліміндегі ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып шығып, ескеріңіз/қолданыңыз. Зарядтау құрылғысы • Батареяны зарядтау алдында EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерін MH-33 зарядтау құрылғысына қосыңыз және тұрмыстық розеткаға қосыңыз.
• Зарядтау шамдары зарядтау орындалып жатқанда жыпылықтайды және зарядтау аяқталғанда жыпылықтауын тоқтатады. Батареяны зарядтау күйіне байланысты шамдар жыпылықтай бастағанша шамамен он секундтай кідіріс болуы мүмкін екенін ескеріңіз. • Батареяны салыңыз (алдымен түйіспе тұстарын): батареяның соңын бағыттағышқа туралаңыз, содан кейін орнына «шырт» етіп түскенше, батареяны көрсетілген бағытта сырғытыңыз. • Зарядтағышты пайдалану кезінде тұрақты болып қалатын және діріл болмайтын жерде қалдырыңыз.
D Сақтық ескерту: EN-EL18d батареяларын зарядтау EN-EL18d қайта зарядталатын литий-ионды батареялары MH-26a немесе MH-26 зарядтау құрылғыларымен үйлесімді емес. EN-EL18d батареяларын зарядтағыш арқылы зарядтаған кезде MH-33 зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз. D Зарядтау шамдары тез жыпылықтаса Егер зарядтау шамдары тез жыпылықтаса (секундына 8 рет): • Батарея дұрыс салынбаған: зарядтағышты розеткадан ажыратып, алыңыз және батареяны қайта салыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері: зарядтау Фотокамераға салынған кезде, батареяны жинақтағы EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптері арқылы зарядтауға болады. • Фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін зарядтау айнымалы ток адаптерін (q) қосып, адаптерді розеткаға қосыңыз. Батарея фотокамера өшірулі кезде зарядталады. Салу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз. • Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы (w) сары түспен жанып тұрады. Зарядтау аяқталғанда бұл шам өшеді.
D Сақтық ескерту: EN-EL18a/EN-EL18 батареяларын зарядтау Зарядтау айнымалы ток адаптерін EN-EL18a немесе EN-EL18 қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын зарядтау үшін пайдалану мүмкін емес. MH-26a зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.
Батареяны салу Батареяны салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. 1 BL-7 батарея бөлімінің қақпағын алыңыз. Батарея бөлімі қақпағының ілмегін көтеріңіз, оны ашық (A) күйге бұрыңыз (q) және батарея бөлімінің қақпағын алыңыз (w). 2 Қақпақты батареяға жалғаңыз. • Батареяны босату тетігі көрсеткі (H) көрінетіндей орналастырылған болса, батареяны босату тетігін көрсеткіні (H) жауып тұратындай сырғытыңыз. • Батареядағы екі шығыңқы жерді қақпақтағы сәйкес ұяшықтарға көрсетілгендей салыңыз.
3 Батареяны салыңыз. Батареяны көрсетілгендей толығымен және берік түрде салыңыз. 4 Қақпақты жабыңыз. • Батарея бөлімі қақпағының ілмегін жабық күйіне айналдырыңыз (q) және көрсетілгендей бүктеңіз (w). • Пайдалану кезінде батареяның орнынан шығуын болдырмау үшін қақпақтың берік түрде жабылғанына көз жеткізіңіз.
Батареяны алу Батареяны алу алдында фотокамераны өшіріңіз, батарея бөлімі қақпағының ілмегін көтеріңіз және ашық (A) күйге бұрыңыз. D Батарея бөлімінің қақпағын алу Батареядан алуға болатындай батарея бөлімінің қақпағын босату үшін батареяны босату тетігін көрсеткімен (H) көрсетілген бағытта тоқтағанша сырғытыңыз. D Батарея бөлімінің қақпағы BL-7 батарея бөлімінің қақпақтарын ғана пайдаланыңыз; басқа батарея бөлімінің қақпақтарын бұл фотокамерамен бірге пайдалану мүмкін емес.
Батарея деңгейі • Батарея деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде көрсетіледі. Монитор Көріністапқыш Басқару панелі • Батарея деңгейі азайғанда, батарея деңгейінің дисплейі L, K, J, I және H аралығында өзгереді. Батарея деңгейі H деңгейіне түскенде, суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз және батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. • Егер [Shutter release disabled. Recharge battery.] (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.
Жад карталарын салу 128GB Фотокамера екі жад картасын бір уақытта пайдалануға мүмкіндік беретін екі жад картасы ұяшығымен (1-ші және 2-ші ұяшықтар) жабдықталған. • Жад карталарын салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. • Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз. A Қалған кадрлар саны Түсіру режимінің дисплейі және басқару панелі ағымдағы параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттер санын көрсетеді.
Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және шығару үшін картаны ішке басыңыз (q). Содан кейін картаны қолмен алуға болады (w). 128GB Жад карталарын алу D Жад картасының жоғары температурасы туралы ескерту Жад картасы ұяшығы қақпағының ішінде көрсетілгендей, фотокамераға салынған жад карталары қызып кетуі мүмкін.
Объективті жалғау • Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Осы құжатта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z 50mm f/1.8 S объективі пайдаланылады. • Фотокамераға шаңның енуін болдырмаңыз. • Объективті жалғау алдында фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. - Фотокамера корпусының қақпағын (q, w) және объективтің артқы қақпағын (e, r) алыңыз. - Фотокамерадағы (t) және объективтегі (y) бекіту таңбаларын туралаңыз. Кескін сенсорына немесе объектив түйіспелеріне тимеңіз.
- Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз (u). • Суреттер түсіру алдында алдыңғы объектив қақпағын алыңыз. D F бекіткіші бар объективтер F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ II/FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) жалғаңыз. • F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға әрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.
Фотокамераны реттеу Фотокамераны қосыңыз, тілді таңдаңыз және сағатты орнатыңыз. Фотокамераны бірінші рет пайдалану алдында, тіл мен уақыт белдеуін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз және сіз түсіретін кез келген суреттерде дұрыс уақыт пен күн жазылуы үшін сағатты орнатыңыз. 1 G түймешігін басыңыз, баптау мәзірінде [Language] (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. 2 Тілді таңдаңыз.
4 Уақыт белдеуін таңдаңыз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Time zone] (Уақыт белдеуі) параметрін таңдаңыз. • Дисплейде таңдалған аймақтағы таңдалған қалалар әрі таңдалған аймақтағы уақыт пен UTC арасындағы айырмашылық көрсетіледі. • [Time zone] (Уақыт белдеуі) дисплейінде уақыт белдеуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. 5 Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Daylight saving time] (Жазғы уақыт) параметрін таңдаңыз.
7 Күн пішімін таңдаңыз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Date format] (Күн пішімі) параметрін таңдаңыз. • Қалаған күнді көрсету ретін (жыл, ай және күн) белгілеп, J түймешігін басыңыз. 8 Мәзірлерден шығыңыз. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін ақырын жартылай басыңыз. D t белгішесі Түсіру режимінің дисплейіндегі жыпылықтайтын t белгішесі фотокамера сағаты ысырылғанын көрсетеді.
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату Фотосуреттер түсіру Фотосуреттер түсіруге қатысты негізгі қадамдар төменде сипатталған. D Жиналмалы жиектемелері бар объективтер Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп түскенше масштабтау сақинасын көрсетілгендей айналдырыңыз. 1 Фотосурет режимін фотосурет/ бейнефильм ауыстырғышын C күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
2 Фотокамераны дайындаңыз. Тұтқаны оң қолыңызбен ұстап, сол қолыңызбен фотокамера корпусын немесе объективті ұстап, шынтақтарыңызды кеудеңіздің бүйірлеріне жақындатыңыз. Пейзаждық (кең) бағдар Портреттік (тік) бағдар 3 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Негізгі нысанды кадрдың ортасына жақын орналастырыңыз.
4 Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (яғни, ысырманы босату түймешігін ақырын басып, жартылай басылған кезде тоқтаңыз). • Фотокамера фокустағанда, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Егер фотокамера фокустай алмаса, фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды. • Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, фокустау әрекетіне көмектесу үшін АФ қосымша шамы жануы мүмкін. • Сондай-ақ AF-ON түймешігін басу арқылы фокустауға болады.
5 Сурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды көтермей, түймешікті соңына дейін басыңыз. D Жад картасына қатынасу шамы Фотосурет жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе батареяны шығармаңыз. A Сенсорлы қосылатын ысырма Сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады. Фокустау үшін нысанды түртіңіз және ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз.
Бейнелерді түсіру Бейнефильмдер түсіруге қатысты негізгі қадамдар төменде сипатталған. 1 Бейне режимін фотосурет/ бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз. Фотокамера бейне режимінде болғанда қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз. 2 Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. • Мониторда жазу индикаторы көрсетіледі.
• Жазу кезінде AF-ON түймешігін басу арқылы фотокамераны қайта фокустауға болады. • Дыбыс бейне микрофоны арқылы жазылады. Жазу кезінде бейне микрофонын жаппаңыз. • Сондай-ақ мониторда нысанды нұқу арқылы фокустауға болады. 3 Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайтадан басыңыз. D Жад картасына қатынасу шамы Бейнефильм жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе батареяны шығармаңыз.
D Сақтық ескертулер: бейнефильмдерді жазу Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде аяқталады: - максималды ұзақтыққа жеткенде, - сіз басқа суретке түсіру режимін таңдай аласыз. - фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын пайдаланып режимдерді ауыстырсаңыз немесе - объективті алғанда. • Фотокамера тудырған дыбыстар жазылған түсірілген бөлікте естілуі мүмкін: - автофокус кезінде, - дірілді азайту кезінде немесе - электр жетекті апертура пайдаланылғанда.
Ойнату Суретке түсіруден кейін фотосуреттер мен бейнелерді мониторда немесе көріністапқышта көру үшін K түймешігін басыңыз. • Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз я болмаса солға немесе оңға қарай шертіңіз. • Бейнефильмдер 1 белгішесі арқылы көрсетіледі. Ойнатуды бастау үшін дисплейде a белгішесін түртіңіз немесе J түймешігін басыңыз. • Ойнатуды аяқтап, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Ақауларды жою Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында Төмендегі әрекеттерді орындау арқылы сіз фотокамерадағы кез келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алу алдында осы тізімді тексеріңіз. Жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз. Жиі кездесетін мәселелер мен шешімдер -ҚАДАМ Анықтамалық нұсқаулық құжатының ақаулықтарды жою бөлімінде тізілген.
Техникалық ескертпелер Фотокамераны күту Ұзақ мерзім бойы сақтау Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны шығарып алыңыз. Батареяны шығару алдында фотокамераның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер Сақтық ескертулер: фотокамераға күтім жасау Түсіріп алмаңыз Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. ● Құрғақ күйде ұстаңыз Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз.
● Лазерлер және басқа қатты жарық көздері Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорына зиян тигізуі мүмкін. ● Тазалау Фотокамера корпусын тазалағанда, шаң мен қылшықтарды ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз.
Сенсор қорғағышына тимеңіз Баптау мәзірінде [Sensor shield behavior at power off] (Қуат өшкен кездегі сенсор қорғағышының әрекеті) үшін [Sensor shield closes] (Сенсор қорғағышы жабылады) таңдалса, кескін сенсорының алдындағы сенсор қорғағышы фотокамера өшкенде жабылады. Сенсор қорғағышын ешқашан теспеңіз немесе оған қысым қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қорғағышқа сызат түсіруі немесе оны басқалай зақымдауы мүмкін. ● Объектив түйіспелері Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз.
● Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді зақымдауы мүмкін. Суреттер жазылып немесе жойылып жатқанда қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл бөлу керек. ● Монитор/көріністапқыш • Мониторлар (оның ішінде көріністапқыш) • • • • өте жоғары дәлдікпен құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді, жоқ немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды.
D Сақтық ескерту: деректерді сақтау құрылғыларын қоқысқа лақтыру Суреттерді жою, я болмаса жад карталарын немесе басқа деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толығымен өшірмейтініне назар аударыңыз. Жойылған файлдарды кейде қоқысқа лақтырылған сақтау құрылғыларынан сатылымда бар бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып қалпына келтіруге болады, бұл жеке кескін деректерін зиянкес жолмен пайдалануға әкелуі мүмкін.
Сақтық ескертулер: батареяға күтім жасау ● Пайдалануға қатысты сақтық шаралары • Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар • • • • 54 жарылып немесе ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз: - Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз. - Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін. - Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз. - Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды пайдаланыңыз.
• • • • • Батареяны –10 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз. Темпертаурасы 0 °C-тан төмен немесе 60 °C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды. 0 °C–15 °C және 45 °C–60 °C батарея температураларында сыйымдылық азаюы және зарядтау уақыттары артуы мүмкін.
Суық күндерде толығымен зарядталған қосалқы батареяларды дайындап қойыңыз Суық күндерде ішінара зарядталған батареялар жұмыс істемеуі мүмкін. Суық ауа райында, пайдалану алдында бір батареяны зарядтап, қажет болған жағдайда ауыстыруға дайын болуы үшін жылы жерде сақтаңыз. Жылығаннан кейін салқын батареялар зарядының біразын қалпына келтіруі мүмкін. ● ● Батарея деңгейі • Батарея толығымен зарядсызданған кезде фотокамераны қайтақайта қосу немесе өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады.
Сақтық ескертулер: зарядтағышты пайдалану • • • • • • Зарядтау кезінде зарядтағышты жылжытпаңыз немесе батареяны ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда зарядтағыштың зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайтадан бастау үшін батареяны шығарып, қайта салыңыз. Зарядтағыштың түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Сауда белгілері және лицензиялар • CFexpress — CompactFlash Association компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгісі. • NVM Express — NVM Express Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгісі. • XQD — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі. • Windows — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы және/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі.
• Bluetooth® сөз белгісі және логотипі Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және Nikon мұндай белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады. • Wi-Fi және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Powered by intoPIX technology. • Nikon өнімімен бірге қамтамасыз етілген осы құжатта немесе басқа құжаттамада аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Сақтық ескертулер: орын деректері (GPS/GLONASS) ● Орын деректері және бақылау журналдары • Баптау мәзірінде [Location data (built-in)] (Орын деректері (кірістірілген)) > [Record location data] (Орын деректерін жазу) үшін [ON] күйі таңдалған болса немесе журналды бақылау орындалып жатса, фотокамера тіпті өшірулі кезде де журналды және/немесе орынды алуды жалғастырады. • Жеке ақпарат бақылау журналдарында сақталған немесе фотосуреттерде және бейнефильмдерде ендірілген орын деректерінен алынуы мүмкін.
Ескертпелер ● Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ. Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мәтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін). Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Еуропадағы және радио жабдықтар туралы директива талаптарын сақтайтын елдердегі тұтынушыларға арналған ескерту Осымен, Nikon Corporation Z 9 деген радиожабдық түрі 2014/53/EU директивасының талаптарына сай екенін жариялайды. ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні келесі интернет мекенжайында қолжетімді: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N2014.pdf.
Еуропадағы және Біріккен Корольдіктегі тұтынушыларға арналған EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптері туралы ескерту ЕО елдеріндегі импорттаушы Nikon Europe B.V.
Қауіпсіздік Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін: • Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін және басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
A Сертификаттар 66 Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
Кеден Одағының мәлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/ сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Z9 Өндіруші: “Никон Корпорейшн”,Шинагава Интерсити, Башня “C”, 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония Импортер: ЖШС "Никон", Мекен жайы: 123242, Ресей, Мәскеу, Пресненский муниципалды округі, Новинский бульвары, 31 үй, 1 қабат, 77 бөлме Шығарушы ел: Таиланд Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) 67
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сәйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да әсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = https://www.europe-nikon.com/service/ ).
NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз бұл құжаттың ешбір түрдегі толық немесе ішінара (маңызды мақалаларда немесе шолуларда қысқаша дәйексөз келтіруді қоспағанда) репродукциясын жасауға болмайды. Қоршаған ортаға алаңдауы себепті Nikon компаниясы қағазды пайдалануын азайту үшін жұмыс істеуде.