Анықтамалық нұсқау (PDF нұсқасы)

Table Of Contents
Осы құжат туралы
Рәміздер
Бұл құжат келесі белгілерді пайдаланады. Қаж
етті ақпаратты табуға көмектесу үшін оларды
пайдаланыңыз.
D
Бұл белгіше осы өнімді пайдаланбас бұрын оқылатын жазбаларды, ақпаратты
белгілейді.
Кеңес
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдалану кезінде пайдалы болуы мүмкін
қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы құжат
тағы басқа бөлімдерге сілтемелерді белгілейді.
Конвенциялар
Бұл камера CFexpr
ess (B түрі) және XQD жад карталарын пайдаланады. Барлық түрдегі жад
карталары осы құжатта «жад карталары» деп аталады. Әртүрлі түрлерді ажырату қажет болған
жағдайда «CFexpress жад картасы» және « XQD жад картасы» терминдері қолданылуы мүмкін.
Осы құжатта аккумуляторды зарядтау құрылғылары «батареяны зарядтау құрылғылары»
немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
Осы құжатта суретке түсіру кезінде камера мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей
«түсірілім дисплейі» деп аталады. Көп жағдайда суреттер мониторды көрсетеді.
Бұл құжатта смартфондар мен планшеттер «ақылды құрылғылар» деп аталады.
Осы құжатта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде әрекет ететін параметрлерге
сілтеме жасау үшін пайдаланылады. Бұл құжаттағы түсіндірмелер әдепкі параметрлер
пайдаланылады деп болжайды.
29
Осы құжат туралы