Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
9
Қауіпсіздік шаралары
A ЕСКЕРТУ
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде
терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге
әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе
аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке әкелуі
мүмкін.
Объектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік
қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына
әкелуі мүмкін.
Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің
жүргізушісіне бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу
қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін
жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз
немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.