Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_02
57
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: зарядтағышты
пайдалану
Зарядтау кезінде зарядтағышты жылжытпаңыз немесе
батареяны ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек
жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда зарядтағыштың
зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды
қайтадан бастау үшін батареяны шығарып, қайта салыңыз.
Зарядтағыштың түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және
зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Пайдаланбаған кезде зарядтағышты розеткадан суырыңыз.
MH-25a зарядтағышын тек үйлесімді батареялармен бірге
пайдаланыңыз.
Ішін ашық қалдыратын зақымы бар немесе пайдаланған
кезде әдеттен тыс дыбыстар шығаратын зарядтағыштарды
пайдаланбаңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды көрсетеді:
m AC, p DC, q II сыныпты жабдық (өнімнің құрылысы екі рет
оқшауланған)