Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
56
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
•
Пайдалану алдында батареяларды зарядтау
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея
жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды.
•
Қосалқы батареяларды дайындаңыз
Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз
және толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге
байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа мерзімде
сатып алу қиын болуы мүмкін.
•
Суық күндерде толығымен зарядталған қосалқы
батареяларды дайындап қойыңыз
Суық күндерде ішінара зарядталған батареялар жұмыс істемеуі
мүмкін. Суық ауа райында, пайдалану алдында бір батареяны
зарядтап, қажет болған жағдайда ауыстыруға дайын болуы үшін
жылы жерде сақтаңыз. Жылығаннан кейін салқын батареялар
зарядының біразын қалпына келтіруі мүмкін.
•
Батарея деңгейі
• Батарея толығымен зарядсызданған кезде фотокамераны
қайта-қайта қосу немесе өшіру батареяның жарамды мерзімін
қысқартады. Толығымен заряды біткен батареяларды пайдалану
алдында зарядтау керек.
• Бөлме температурасында пайдаланғанда, толығымен
зарядталған батареяның зарядын сақтау уақытының
айтарлықтай төмендеуі батареяны ауыстыру қажет екенін
көрсетеді. Жаңа қайта зарядталатын батареяны сатып алыңыз.
•
Толығымен зарядталған батареяларды зарядтауға
әрекеттенбеңіз
Толығымен зарядталғаннан кейін батареяны зарядтауды
жалғастыру батареяның өнімділігін төмендетуі мүмкін.
•
Пайдаланылған батареяларды қайта өңдеуге тапсыру
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сәйкес
қайта өңдеуге тапсырыңыз, алдымен түйіспе тұстарын лентамен
оқшаулауды ұмытпаңыз.