Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_02
54
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: батареяларды
пайдалану
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе
ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды
пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
- Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
- Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
- Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз.
- Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды
пайдаланыңыз.
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз, я
болмаса жалын немесе шамадан тыс қызу әсерін тигізбеңіз.
- Батарея фотокамераға немесе зарядтағышқа салынбаған
кезде, түйіспе тұс қақпағын қайта орнатыңыз.
Батарея ыстық болса, мысалы, пайдаланудан кейін бірден,
зарядтау алдында оның салқындауын күтіңіз. Батареяны
ішкі температурасы көтерілген кезде зарядтауға әрекеттену
батареяның өнімділігін төмендетеді және батарея зарядталмауы
немесе тек ішінара зарядталуы мүмкін.
Батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны
фотокамерадан шығарыңыз және 15 °C–25 °C қоршаған орта
температурасы бар салқын, құрғақ жерге сақтауға қойыңыз.
Ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
Ұзақ мерзімге сақталған батареяларды кемінде жылына бір
рет шамамен 50%-ға дейін зарядтау керек. Сақтауға қайтару
алдында батареяны 100%-ға дейін зарядтамаңыз. Толығымен
таусылған батарея шамамен 50%-ға дейін 100%-ға дейін
зарядтауға қажет уақыттың шамамен жартысында зарядталады.