Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
53
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
•
Қатты жарықтар және артқы жағы жарықтандырылған нысандар
Сызықтар түріндегі бұрмалану сирек жағдайларда қатты
жарықтарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды
қамтитын суреттерде пайда болуы мүмкін.
•
Фотокамераның суретке түсіру және ойнату дисплейлері
Түс реңкі режимі ретінде [HLG] таңдалған болса, фотокамера
мониторындағы және көріністапқышындағы суретке түсіру және
ойнату дисплейлері кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
әркелкілігі немесе сызықтар түріндегі «шуды» қамтуы я болмаса
белгіленген тұстарды және қатты қаныққан түстерді дәл көрсетпеуі
мүмкін. Бұған қоса, фотосуреттер толық өлшемде көрсетілген
кезде фотокамера мониторында немесе көріністапқышында түс
реңкінің кенет үзілістері көрінуі мүмкін, дегенмен фотосуреттердің
өздеріне әсер етілмейді. Түс реңкін дәл көрсету үшін HLG-мен
үйлесімді мониторларды, компьютерлерді, операциялық жүйелерді,
қолданбаларды және басқа жабдықты пайдаланыңыз.
D Сақтық ескертулер: деректерді сақтау құрылғыларын
қоқысқа лақтыру
Суреттерді жою, я болмаса жад карталарын немесе басқа
деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін
деректерін толығымен өшірмейтініне назар аударыңыз. Жойылған
файлдарды кейде қоқысқа лақтырылған сақтау құрылғыларынан
сатылымда бар бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып қалпына
келтіруге болады, бұл жеке кескін деректерін зиянкес жолмен
пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялығын
қамтамасыз ету пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын қоқысқа лақтыру алдында немесе
меншік құқығын басқа тұлғаға бермес бұрын, коммерциялық жою
бағдарламалық жасақтамасының көмегімен барлық деректерді
өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін оны жеке
ақпарат жоқ суреттермен (мысалы, ашық аспанның суреттерімен)
толығымен толтырыңыз. Деректерді сақтау құрылғыларын
физикалық түрде бұзған кезде жарақат алудан сақтану керек.
Фотокамераны қоқысқа лақтыру алдында немесе меншік құқығын
басқа тұлғаға бермес бұрын, сіз сонымен бірге желі параметрлерін
және басқа жеке ақпаратты жою үшін фотокамераның баптау
мәзіріндегі [Reset all settings] (Барлық параметрлерді ысыру)
элементін пайдалануыңыз керек.