Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
49
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Фотокамераны және батареяны күту:
сақтық ескертулер
Сақтық ескертулер: фотокамераны пайдалану
•
Түсіріп алмаңыз
Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса
оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе
дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Құрғақ күйде ұстаңыз
Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз. Фотокамера ішіндегі судың
әсері тудырған ішкі механизмнің тоттануы жөндеу қымбатқа түсіп
қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде жөнделмейтін зақымды
тудыруы мүмкін.
•
Температурадағы кенет өзгерістерді болдырмаңыз
Фотокамераны жылы ортадан суық ортаға немесе керісінше
апару фотокамераның ішіндегі және сыртындағы зақымдайтын
конденсацияға әкелуі мүмкін. Температура шекарасынан өткізу
алдында фотокамераны герметикалық пакетке немесе пластик
қапқа салыңыз. Жаңа температураға бейімделгеннен кейін
фотокамераны пакеттен немесе қаптан алуға болады.
•
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Радио таратқыштар сияқты жабдық тудыратын статикалық
зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад
картасында сақталған деректерді бүлдіруі немесе өнімнің ішкі
схемасына әсер етуі мүмкін.
•
Кредиттік карталарды және басқа осындай магниттік қойма
құрылғыларын фотокамерадан және объективтен аулақ
ұстаңыз
Құрылғыда сақталған деректер бүлінуі мүмкін.
•
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көзіне қаратып
қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсорын зақымдауы, я болмаса
өңсізденуді немесе «күюді» тудыруы мүмкін. Фотокамерамен
түсірілген фотосуреттерде ақ бұлдырау әсері болуы мүмкін.