Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_02
47
Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында
Ақауларды жою
Тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласу алдында
Төмендегі қадамдарды орындау арқылы сіз фотокамерадағы кез
келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен немесе Nikon
компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алу алдында осы
тізімді тексеріңіз.
Жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз.
Жиі кездесетін мәселелер мен шешімдер Анықтамалық
нұсқаулық құжатының ақаулықтарды жою бөлімінде тізілген.
1
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз, содан кейін
шамамен бір минут күтіңіз, батареяны қайта салыңыз
және фотокамераны қосыңыз.
D Суретке түсіруден кейін фотокамера деректерді жад
картасына жазуды жалғастыруы мүмкін. Батареяны
шығару алдында кемінде бір минут күтіңіз.
2
Nikon веб-сайттарында іздеңіз.
Қолдау ақпаратын және жиі қойылатын сұрақтарға
жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға
арналған веб-сайтқа кіріңіз ( 0 17).
Фотокамераға арналған соңғы бағдарлама жасақтамасын
жүктеп алу үшін мына сайтқа кіріңіз:
https://downloadcenter.nikonimglib.com/
3
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес
алыңыз.
4