Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_02
32
Жад карталарын салу
Кеңес: қалған кадрлар саны
Түсіру режимінің дисплейі және басқару
панелі ағымдағы параметрлерде түсіруге
болатын фотосуреттер санын көрсетеді.
1000-нан жоғары мәндер ең жақын
жүздікке дейін дөңгелектенеді. Мысалы,
8000 мен 8099 арасындағы мәндер 8.0 k
түрінде көрсетіледі.
Егер жад карталары салынбаған болса,
[–E–] индикаторы көрсетіледі.
Кеңес: жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары жазудан қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Ажыратқышты «LOCK» (құлыптау) күйіне
ауыстыру картаны жазудан қорғайды, осылайша ол қамтитын
деректерді қорғайды.
Жазудан қорғалған карта салынса, түсіру режимінің дисплейінде
«– – –» индикаторы және [Card] (Карта) ескертуі көрінеді.
Жазудан қорғалған карта салынған кезде ысырманы
босатуға әрекеттенсеңіз, ескерту көрсетіледі және ешбір
сурет жазылмайды. Суреттер түсіруге немесе оларды жоюға
әрекеттенбей тұрып жад картасының құлпын ашыңыз.
Кеңес: ұяшық белгішелері
Ағымдағы суреттің орны ойнату
дисплейінің төменгі сол жақ бұрышындағы
белгішемен көрсетіледі.