Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
28
Батареяны зарядтау
Кеңес: компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу және
батареяны зарядтау
Компьютерлер тек компьютердегі кірістірілген Type C USB портына
қосылған қосымша UC-E25 USB кабелі (екі соңында Type C
жалғағыштары бар) арқылы фотокамераға қуат беретін немесе
батареяны зарядтайтын токты қамтамасыз етеді.
• Жинақтағы UC-E24 USB кабелін (ол фотокамераға Type C
жалғағышы және USB құрылғыларына Type A жалғағышы арқылы
қосылады) бұл мақсатта пайдалану мүмкін емес.
• USB кабелін фотокамераның USB Power Delivery жалғағышына
қосыңыз. USB data жалғағышы арқылы қосылған болса,
компьютер фотокамераға қуатты қамтамасыз етпейді.
• Үлгінің және өнімнің сипаттамаларына байланысты кейбір
компьютерлер фотокамераға қуат беру немесе батареяны
зарядтау үшін токты қамтамасыз етпейді.