Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
27
Батареяны зарядтау
D Сақтық ескертулер: зарядтау айнымалы ток адаптері
• Зарядтау айнымалы ток адаптері фотокамераның USB data
жалғағышына қосылған болса, батарея зарядталмайды.
• Зарядтау айнымалы ток адаптерін тек EN-EL15c және EN-EL15b
батареяларын зарядтау үшін пайдалануға болады. EN-EL15a
батареяларын MH-25a зарядтау құрылғысын пайдаланып
зарядтауға болады.
• Зарядтау қателері (мысалы, фотокамераның жоғары
температуралары немесе EN-EL15a батареясын зарядтау
әрекеттері тудырған) зарядтау шамының өшпей тұрып шамамен
30 секунд бойы жылдам жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
• Зарядтау шамы өшкеннен кейін фотокамераны қосу (немесе күту
режимінің таймерін белсендіру) және батареяның зарядталған
екеніне көз жеткізу ұсынылады.
Кеңес: Зарядтау айнымалы ток адаптері: Power Delivery
Баптау мәзірінде [USB power delivery] (USB арқылы қуат беру)
үшін [ON] күйі таңдалса, зарядтау айнымалы ток адаптері
фотокамера қосулы кезде фотокамераға қуат береді.
• Зарядтау айнымалы ток адаптерін фотокамераның USB Power
Delivery жалғағышына қосыңыз. USB data жалғағышы арқылы
қосылған болса, адаптер фотокамераға қуатты қамтамасыз
етпейді.
• Батарея салынған кезде ғана фотокамераға қуат қамтамасыз
етіледі.
• Фотокамераға сыртқы қуат көзі қуат беріп тұрғанда, батарея
зарядталмайды.