Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
24
Батареяны зарядтау
Батареяны зарядтау
Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL15c батареясын зарядтаңыз.
D Сақтық ескерту: батарея және зарядтағыш
«Қауіпсіздік шаралары» ( 0 8) бөліміндегі және «Фотокамераны
және батареяны күту: сақтық ескертулер» ( 0 49) бөліміндегі
ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып шығып, ескеріңіз/
қолданыңыз.
Зарядтау құрылғысы
Елге немесе аймаққа байланысты, зарядтағыш айнымалы ток
адаптерімен немесе қуат кабелімен бірге қамтамасыз етіледі.
• Айнымалы ток адаптері: айнымалы ток адаптерін айнымалы
ток сымының кіріс ұяшығына салғаннан кейін (q) айнымалы
ток адаптерінің ілмегін көрсетілгендей сырғытыңыз (w) және
орнында бекіту үшін адаптерді 90 °-қа айналдырыңыз (e).
Батареяны салыңыз және зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
• Қуат кабелі: қуат кабелін ашаны көрсетілген бағытта етіп
қосудан кейін батареяны салыңыз және кабельді розеткаға
қосыңыз.