Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
16
Ескертпелер
•
Жад карталары
• Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад
карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз.
• Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса
компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі
әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау
деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе
картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз.
- Фотокамераны өшірмеңіз.
- Батареяны шығармаңыз.
- Айнымалы ток адаптерлерін ажыратпаңыз.
• Жад картасының түйіспелеріне саусақтарыңызбен немесе
металл заттармен тимеңіз.
• Жад карталарын ұстағанда, артық күш қолданбаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау картаны зақымдауы мүмкін.
• Жад карталарын майыстырмаңыз немесе түсіріп алмаңыз, я
болмаса қатты физикалық соққыларға ұшыратпаңыз.
• Жад карталарына судың, жылудың немесе тік күн жарығының
әсерін тигізбеңіз.
• Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.