Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_02
12
Қауіпсіздік шаралары
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Өнімді кардиостимуляторлардан және басқа медициналық
құрылғылардан кемінде 5 см қашықтықта ұстаңыз.
Жақын жерде орналасқан медициналық құрылғыларға өнімдегі
магнит немесе магниттер әсер етуі мүмкін.
A ҚАУІП (Батареялар)
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
Бөлшектемеңіз.
Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу
арқылы түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты
соққылардың әсерін тигізбеңіз.
Батареяларды басуға, шегелермен тесуге немесе балғалармен
соғуға болмайды.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып
кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен
шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Әрекетті кешіктіру көз жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.
Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар
сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы немесе
өртенуі мүмкін.