Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_02
10
Қауіпсіздік шаралары
A ЕСКЕРТУ
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды,
зарядтау құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін
пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған
батареяларды, зарядтау құрылғыларын және айнымалы ток
адаптерлерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
• Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз,
ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу
немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
• Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа
арналған түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я
болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын
пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе тоқ соғуына
әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток
адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
Ашаның металл бөліктеріндегі немесе олардың жанындағы
шаңды құрғақ шүберекпен кетіру керек.
Пайдалануды жалғастыру өртке әкелуі мүмкін.
Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін
жерлерде өнімдерге тікелей тимеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге әкелуі
мүмкін.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне
қаратып қалдырмаңыз.
Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің
ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған
нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн
кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған күн жарығы өрт
тудыруы мүмкін.