Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_03
53
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз
Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді
зақымдауы мүмкін. Суреттер жазылып немесе жойылып жатқанда
қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл бөлу керек.
Монитор/көріністапқыш
Мониторлар және көріністапқыш өте жоғары дәлдікпен
құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді, жоқ
немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды. Сондықтан, бұл
дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк немесе
жасыл) немесе әрқашан өшірулі болатын (қара) нүктелер болуы
мүмкін, бұл ақаулық емес. Құрылғымен жазылған суреттерге
әсер етілмейді. Түсінуіңізді сұраймыз.
Монитордағы суреттерді қатты жарықта көру қиын болуы мүмкін.
Мониторға қысым қолданбаңыз. Ол дұрыс жұмыс істемеуі немесе
зақымдалуы мүмкін. Шаңды немесе қылшықтарды ауа үргішпен
кетіруге болады. Дақтарды мониторды жұмсақ шүберекпен
немесе күдері былғарымен ақырын сүрту арқылы кетіруге
болады. Монитор бұзылса, сынған әйнектен жарақаттанудан
сақтану керек. Монитордағы сұйық кристалдың теріге тиюінен,
көзге немесе ауызға кіруінен сақтаныңыз.
Көріністапқышта кадрларды жақтауға алу кезінде келесі
белгілердің кез-келгеніне тап болсаңыз, күйіңіз жақсарғанша
пайдалануды тоқтатыңыз:
- жүрек айнуы, көздің ауыруы, көздің шаршауы,
- бас айналу, бас ауыруы, мойынның немесе иықтардың
тырысуы,
- әлсіздену немесе қол-көз координациясын жоғалту, я болмаса
- теңіз ауруы.
Қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру кезінде дисплей
тез жыпылықтап, қосылуы және өшуі мүмкін. Жыпылықтап
жатқан дисплейге қарау өзіңізді нашар сезінуге әкелуі мүмкін.
Күйіңіз жақсарғанша пайдалануды тоқтатыңыз.