Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_03
5
Осы құжат туралы
Осы құжат туралы
Таңбалар
Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет
ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз.
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
Кеңес
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған
сілтемелерді белгілейді.
Шартты белгілер
• Бұл фотокамерада CFexpress (Type B), XQD, SD, SDHC және SDXC
жад карталары пайдаланылады. Барлық түрлерге жататын жад
карталары осы құжатта «жад карталары» деп аталады. Түрлерді
ажырату қажет болған жағдайда «CFexpress жад картасы», «XQD жад
картасы» және «SD жад картасы» терминдері пайдаланылуы мүмкін.
• Осы құжатта зарядтау құрылғылары «зарядтау құрылғылары»
немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
• Осы құжатта, суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы
және көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі»
деп аталады. Жағдайлардың көпшілігінде иллюстрациялар
мониторды көрсетеді.
• Осы құжатта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар»
деп аталады.
• Бұл құжатта «FX-пішімі» және «FX» сөздері 35 мм пішімді («толық
өлшемді») фотокамераныкіне баламалы көрініс бұрышын және
«DX-пішімі» және «DX» сөздері APS-C фотокамерасыныкіне
баламалы көрініс бұрышын білдіру үшін пайдаланылады.
• Осы құжатта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде
қолданылған параметрлерді білдіру үшін пайдаланылады. Бұл
құжаттағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер пайдаланылған
деп есептеледі.