Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_03
46
Бейнефильмдер жазу
D Сақтық ескертулер: бейнефильмдер жазу
Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде
аяқталады:
- максималды ұзақтыққа жеткенде,
- батарея таусылғанда,
- сіз басқа суретке түсіру режимін таңдасаңыз,
- фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын пайдаланып
режимдерді ауыстырсаңыз,
- объективті алғанда немесе
- фотокамераның ішкі температурасы көтерілгенде.
Фотокамера тудырған дыбыстар жазылған түсірілген бөлікте
естілуі мүмкін:
- автофокус кезінде,
- дірілді азайту кезінде немесе
- электр жетекті апертура пайдаланылғанда.
D Жоғары температура туралы ескертулер
Фотокамераның ішкі температурасы көтерілсе немесе бейнефильм
жазу кезінде жад карталары ыстық болса, түсіру режимінің
дисплейінде жад картасының жоғары температурасы туралы
ескерту (X) немесе жоғары температура туралы ескерту (K)
көрінуі мүмкін.
Фотокамера жад картасының жоғары температурасы туралы
ескертуді (X) көрсеткенде, жад карталарын шығармай тұрып
фотокамераның салқындауын және ескертудің тазалануын
күтіңіз. Жад карталарын дереу шығаруға әрекеттену күйіктерге
әкелуі немесе карталарды түсіріп алуға және зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
Жад картасының жоғары температурасы туралы ескерту (X)
немесе жоғары температура туралы ескерту (K) көрсетілсе, жад
карталары ғана емес, фотокамераның корпусы мен батареялар
да ыстық болуы мүмкін.