Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_03
33
Жад карталарын салу
Кеңес: қалған кадрлар саны
• Түсіру режимінің дисплейі және басқару
панелі ағымдағы параметрлерде түсіруге
болатын фотосуреттер санын көрсетеді.
• 1000-нан жоғары мәндер ең жақын
жүздікке дейін дөңгелектенеді. Мысалы,
8000 мен 8099 арасындағы мәндер 8.0 k
түрінде көрсетіледі.
• Егер жад карталары салынбаған болса,
[–E–] индикаторы көрсетіледі.
Кеңес: жазудан қорғау ажыратқышы
• SD жад карталары жазудан қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Ажыратқышты «LOCK» (құлыптау) күйіне
ауыстыру картаны жазудан қорғайды, осылайша ол қамтитын
деректерді қорғайды.
• Жазудан қорғалған карта салынса, түсіру режимінің дисплейінде
«– – –» индикаторы және [Card] (Карта) ескертуі көрінеді.
• Жазудан қорғалған карта салынған кезде ысырманы
босатуға әрекеттенсеңіз, ескерту көрсетіледі және ешбір
сурет жазылмайды. Суреттер түсіруге немесе оларды жоюға
әрекеттенбей тұрып жад картасының құлпын ашыңыз.
Кеңес: ұяшық белгішелері
Ағымдағы суреттің орны ойнату
дисплейінің төменгі сол жақ бұрышындағы
белгішемен көрсетіледі.