Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_03
29
Батареяны зарядтау
Кеңес: компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу және
батареяны зарядтау
Компьютерлер тек компьютердегі кірістірілген Type C USB портына
қосылған қосымша UC-E25 USB кабелі (екі соңында Type C
жалғағыштары бар) арқылы фотокамераға қуат беретін немесе
батареяны зарядтайтын токты қамтамасыз етеді.
Жинақтағы UC-E24 USB кабелін (ол фотокамераға Type C
жалғағышы және USB құрылғыларына Type A жалғағышы арқылы
қосылады) бұл мақсатта пайдалану мүмкін емес.
USB кабелін фотокамераның USB Power Delivery жалғағышына
қосыңыз. USB data жалғағышы арқылы қосылған болса,
компьютер фотокамераға қуатты қамтамасыз етпейді.
Үлгінің және өнімнің сипаттамаларына байланысты кейбір
компьютерлер фотокамераға қуат беру немесе батареяны
зарядтау үшін токты қамтамасыз етпейді.