Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_03
28
Батареяны зарядтау
D Сақтық ескертулер: EH-7P/EH-8P
• Кабель фотокамераның USB data жалғағышына қосылған болса,
батарея зарядталмайды.
• EH-7P және EH-8P айнымалы ток адаптерлерін тек EN-EL15c
және EN-EL15b батареяларын зарядтау үшін пайдалануға
болады. EN-EL15a батареяларын MH-25a зарядтау құрылғысын
пайдаланып зарядтауға болады.
• Зарядтау қателері (мысалы, фотокамераның жоғары
температуралары немесе EN-EL15a батареясын зарядтау
әрекеттері тудырған) зарядтау шамының өшпей тұрып шамамен
30 секунд бойы жылдам жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
• Зарядтау шамы өшкеннен кейін фотокамераны қосу (немесе күту
режимінің таймерін белсендіру) және батареяның зарядталған
екеніне көз жеткізу ұсынылады.
Кеңес: EH-7P/EH-8P: қуат беру
Баптау мәзірінде [USB power delivery] (USB арқылы қуат беру)
үшін [ON] (ҚОСУЛЫ) күйі таңдалса, фотокамера қосулы кезде
фотокамераға қуат беріледі.
• Кабельді фотокамераның USB Power Delivery жалғағышына
қосыңыз. USB data жалғағышы арқылы қосылған болса, адаптер
фотокамераға қуатты қамтамасыз етпейді.
• Батарея салынған кезде ғана фотокамераға қуат қамтамасыз
етіледі.
• Фотокамераға сыртқы қуат көзі қуат беріп тұрғанда, батарея
зарядталмайды.