Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_03
27
Батареяны зарядтау
EH-8P айнымалы ток адаптерін пайдалану
Қосымша UC-E25 USB кабелін (екі соңында Type C жалғағыштары
бар) EH-8P айнымалы ток адаптеріне (q) қосыңыз. Фотокамера
өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін кабельдің екінші соңын
фотокамераның USB Power Delivery жалғағышына (w) қосып,
адаптерді розеткаға қосыңыз. Батарея фотокамера өшірулі кезде
зарядталады. Салу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз.
• Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы
(e) сары түспен жанып тұрады. Зарядтау аяқталғанда бұл шам
өшеді.
• Күту режимінің таймері өшірулі болса, батарея фотокамера
қосулы кезде де зарядталады.
• Ашаның пішіні сатып алған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп
отырады.