Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_03
26
Батареяны зарядтау
Қосымша EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерлері/
EH-8P айнымалы ток адаптерлері: зарядтау
Фотокамераға салынған кезде, батареяны қосымша EH-7P
зарядтау айнымалы ток адаптері немесе EH-8P айнымалы ток
адаптері арқылы зарядтауға болады.
• Таусылған батарея шамамен 2 сағат 40 минутта толығымен
зарядталады.
• Зарядтау аяқталғаннан кейін EH-7P немесе EH-8P айнымалы ток
адаптерін розеткадан ажыратыңыз, содан кейін фотокамерадан
ажыратыңыз.
■
Зарядтау
EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдалану
Фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін EH-7P зарядтау
айнымалы ток адаптерін (q) фотокамераның USB Power Delivery
жалғағышына (w) қосып, адаптерді розеткаға қосыңыз. Батарея
фотокамера өшірулі кезде зарядталады. Салу және алу кезінде
ашаны тік ұстаңыз.
• Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы
(e) сары түспен жанып тұрады. Зарядтау аяқталғанда бұл шам
өшеді.
• Күту режимінің таймері өшірулі болса, батарея фотокамера
қосулы кезде де зарядталады.
• Ашаның пішіні сатып алған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп
отырады.